Бөлімше туралы
Соматикалық бөлімше – госпитальдің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұнда психикалық бұзылыстарға қатысы жоқ ішкі ағзалар ауруларымен (жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, ас қорыту жүйесі және т.б.) ауыратын науқастарды диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту жүргізіледі.
Бөлімшеде емдік-диагностикалық көмек көрсетіледі, кешенді тексерулер жүргізіледі (МРТ, КТ, УДЗ, зертханалық талдаулар). Емдеу заманауи әдістерді қолдана отырып, дәрілік терапияны, физиотерапияны, емдік массажды және емдік дене шынықтыруды (ЕДШ) қамтиды.
Бөлімшеде VIP санатындағы палаталарда орналастыру қарастырылған. Екі бөлмелі, 5 жұлдызды қонақүй деңгейіндегі жайлы палаталар науқастардың қолайлы болуына қажетті барлық жағдайлармен жабдықталған: жеке санитарлық торап, душ бөлмесі, жайлы кереуеттер, теледидар, үстел, диван және басқа да керек-жарақтар.
Бөлімшеде соматикалық жағдайлардың әртүрлі көріністері бар науқастарға арналған Check-up бағдарламалары (кеңейтілген және қысқартылған форматта) бойынша тексеру және емдеу жүргізіледі. Атап айтқанда:
- кардиологиялық аурулар;
- пульмонологиялық аурулар;
- гастроэнтерологиялық аурулар;
- неврологиялық аурулар;
- жүйелі аурулар;
- әсіресе қосарланған патологиясы бар жағдайлар.
Бөлімше дәрігерлері
Кездыкбаева Зауре Галимовна – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі;
Ли Мария Борисовна – аға дәрігер-терапевт, жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі;
Орахбаева Куттугус Ортаевна – дәрігер-терапевт.