Менопауза кезекті таң секілді…. Ағза өзгереді, дегенмен онымен бірге әйелге даналық, еркіндік және өзін өзге қырынан тану мүмкіндігі беріледі. Бұл нүкте емес, үтір — алда өмірдің көптеген жарқын беттер бар – дейді Ұлттық госпитальдің дәрігер-гинекологы Гузель Рақымжанқызы Паттарова. Дәрігер сондай-ақ төмендегідей ақпараттарды ұсынады. Менопауза – бұл эстрогеннің төмендеуіне байланысты болатын әйел өміріндегі табиғи кезең. Бұл — әдетте 45 пен 55 жас аралығында болады, бірақ әр әйел оны әртүрлі сезінеді.Эстроген деңгейінің төмендеуі ағзаның жұмысына әсер етеді. Ыстықтау, терлеу, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің өзгеруі, тері мен шырышты қабықтың құрғауы мүмкін. Кейбір әйелдер үшін бұл симптомдар жай ғана жеңіл ыңғайсыздық түрінде болса, ал басқалары үшін өмір сүру салтына айтарлықтай әсер етеді. Заманауи медицина сүйек пен жүрекке және өмір сүру салтын жақсартуға көмектесетін гормондық терапия тағайындайды.
Менопаузаны емдеу керек пе? Менопаузаны емдеудің мақсаты – «уақытты тоқтату» емес, әйел өмірінің бір кезеңінен келесі кезеңге өтуін реттеу, жалпы әл-ауқатын жақсарту және метаболикалық бұзылулардың алдын алу. Менопаузалық гормондық терапия (MHT) – әйелдерге перименопауза кезінде немесе менопаузадан кейін өз гормондарының жетіспеушілігін толтыру үшін эстрогендер (кейде прогестогендермен бірге) тағайындалатын емдеу. HRT әйелдердің денсаулығына тигізетін оң әсерлері: өмір сүру сапасын жақсартады, ыстықтау мен түнгі уақытта терлеуді, ұйқысыздықты, ашуланшақтықты және депрессияны жояды. Эстроген тапшылығына байланысты шаршауды, есте сақтау қабілетінің төмендеуі проблемаларын азайтады. Несеп-жыныс мүшелерінің жұмысын жақсартады. Жыныст мүшесінің құрғауын және ыңғайсыздықты жояды. Цистит пен зәр шығару жолдарындағы инфекциялардың қаупін азайтады. Урогенитальды атрофиялық синдромның дамуын баяулатады, остеопорозбен сүйек сынуыларының алдын алады, жамбас және омыртқаның сыну қаупін азайтады. Жүрек- қан тамыр жүйесін қорғайды. ЖРТ-ны уақтылы енгізу (менопаузадан кейінгі алғашқы 10 жылда және 60 жасқа дейін) атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы және зат алмасу бұзылыстарының қаупін азайтады. Тері мен шашқа оң әсер етіп, әжімдердің пайда болуын, терінің құрғауын, шаштың түсуін баяулатады. Колоректальды қатерлі ісік қаупін төмендетеді, буындардарды жақсартады – дейді гинеколог Гузель Рақымжанқызы
HRT-де де қауіп бар екенін есте ұстаған жөн! Зерттемей қолдану тромбозға әкелуі мүмкін, ал ұзақ уақыт қолдану кейбір әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің қаупін арттырады және кейбір созылмалы ауруларды күшейтеді. Сондықтан HRT тағайындау туралы шешім медициналық тексеруден кейін қабылданады. Осы мақсатта әйелге маммография, жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі, коагуляция профилі, липидті профиль және басқа сынақтар тағайындалады. Терапияны бастаудың ең қауіпсіз уақыты 60 жасқа дейін немесе менопаузадан кейінгі алғашқы 10 жыл ішінде.
Трансдермальды HRT. Трансдермальды менопауза контрацепциясы – бұл теріге жағылатын патч, гель немесе спрей түріндегі гормондық дәрі. Бұл қалай жұмыс істейді? Гормондар тері арқылы тікелей қанға түседі. Олар менопауза белгілерін (ыстықтау, терлеу, ұйқысыздық,терінің құрғауы) жеңілдетуге көмектеседі. Сондай-ақ олар өтпелі кезеңде (перименопауза) қажетсіз жүктіліктен қорғайды.Трансдермальды HRT артықшылықтары мен қолайлылығы: патч бірнеше күн сайын жағылады, ал гель немесе спрей күніне бір рет қолданылады. Гормон кенеттен емес, біртіндеп шығарылады. Таблеткаларға қарағанда бауыр мен қан тамырларына жүктеме аз болады. Варикозды кеңеюі бар немесе тромбоз қаупі бар 40 жастан асқан әйелдерге қолайлы.
Кемшіліктері: Кейде теріні тітіркендіруі мүмкін. Сүт безі қатерлі ісігі, эндометрия ісігі, ауыр қан тамырлары немесе бауыр проблемалары бар әйелдерге қолдануға болмайды. Тұрақты медициналық бақылауды қажет етеді (УДЗ, маммография). HRT жоспарлап отырған әйелдер арасында жиі кездесетін сұрақ: денеге салмақ қосыла ма? Арық әйелдерде де менопаузаға ауысу май массасының жоғарылауының себептерінің бірі болуы мүмкін. Сондықтан физикалық белсенділікпен үйлесетін дұрыс диетаны қолдану салмақты ұстаудың маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді. Менопауза өмірдің соңы емес, жарқын өмірдің бастауы деген көзқарас болғаны дұрыс. Өзіңізге жақсы күтім жасау, денсаулығыңызға, ішкі үйлесімділікке және жан қалауыңызға назар аудару мүмкіндігі – дейді дәрігер гинеколог Г.Паттарова.


