Сүт безінің қатерлі ісігі – сүт безіндегі аномальды өзгерген жасушаларынан дамиды. Бұл әйелдердегі барлық қатерлі ісіктердің арасында бірінші орын алады және осындай жағдайлардың жартысына жуығы қайғылы аяқталады. Статистикаға жүгінсек, шамамен дамыған елдердегі он әйелдің біреуі осы патологияға тап болады. Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға жуық сүт безі обыры тіркеліп, мыңнан астам әйел қайтыс болады.
Ісік көбінесе 40 жастан асқан әйелдерде дамиды, бірақ ол ерте жаста да пайда болуы мүмкін. Тіпті 18-20 жас аралығындағы жас қыз -келіншектерде де кездеседі. Сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторларына мынандай жағдайлар жатады:
- жақын туыстарында – анасында, әжесіне, әпкесінде сүтбезі немесе аналықбезобырыболған болса;
- гормоналды теңгерімсіздік, етеккірдіңертебасталуынемесе менопаузаныңкешкелуі;
- бала көтермеу, аз босану немесе жиі түсікжасату;
- сүт безініңфиброзды-кистоздық ауруы, ұзақ уақыт гормондарды қабылдау;
- BRCA1 немесе BRCA 2 сияқтыгенетикалықмутациялар;
- артық салмақ, семіздік, қозғалыссызөмірсалты;
- зиянды әдеттер (темекішегу, ішімдікішу, нашақорлық);
- қауіпті еңбек жағдайларындағыжұмыс.
Мынау белгілерге ерте назар аудару керек
Кез-келген қатерлі ісік сияқты, сүт безі қатерлі ісігі де жайлап басталады және оның ерте кезеңдерінде белгілер болмауы мүмкін. Сондықтан денсаулығыңызға өте мұқият болу маңызды. Симптомдарды біліп, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, қажетті тексерулерден өткенде ісікті толығымен емдеуге болады.
Әр әйел білуі керек белгілер:
- сүтбезінде түйіннің немесе «дөңестің» анықталуы;
- сүтбезікөлемінің, пішінініңнемесесыртқытүрініңөзгеруі, симметрияның бұзылуы;
- сүтбезініңтерісіндегіөзгерістер, мысалы, «лимонқабығы»көрінісі, қызару, шұңқырларнемеседөңес;
- емізікшеніңпішінініңөзгеруі, емізіктен бөлінділер байқалу немесеқан ағу;
- сүтбезінің ауырсыну, күйдірунемесеыңғайсыздық сезімдердіңпайдаболуы;
- сүтбезі айналасындағынемесеқолтықастындағытіндердіңісінуі, қалыңдауы немесе колтықастыбездерініңұлғаюы.
Денеңізге мұқият болыңыз! Егер сіз осы белгілердің кез келгенін байқасаңыз немесе кеудеңізде әдеттен тыс бөртпе сезінсеңіз, тіпті ауырмаса да, уақытты жоғалтпай дәрігер маммологқа барып, тексеруден өтіңіз!
Сүт безінің ісіктерін анықтау үшін өткізілетін зерттеулер.
Сүт безінің ісіктерінің көпшілігі қатерлі емес. Алайда, олар ерте анықталса, дереу емделуі керек, өйткені олар кейінірек қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Қазақстанда 10 жылдан аса сүт безі обырын ерте анықтау бойынша әйелдерге арналған Ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер жергілікті емханада тегін скринингтен өтеді. Ерте анықталған жағдайда емі 95% сәтті болады.
Сүт безі обырын анықтау үшін қарапайым және ауыртусыз әдістер қолданылады:
- Ультрадыбыстық зерттеуі – 35 жасқа дейінгі әйелдерде немесе диагнозды нақтылау қажет болғанда қолданылады;
- Маммография – бұл сүт бездерін рентгендік зерттеу. 40 жастан асқан барлық әйелдерге екі жылда бір рет тағайындалады. Маммография етеккір циклдің 5-12-ші күндері аралығында өтуге ұсынылады;
- Биопсия – бұл өзгерістердің сипатын анықтау және диагнозды растау үшін сүт безі тінін микроскопиялық зерттеу;
- Зертханалық зерттеулер – ісік маркерлерін және басқа да қажетті көрсеткіштерді анықтауға арналған.
Сүт безін өзі тексеру.
20 жастан асқан әрбір әйелге сүт бездеріндегі өзгерістерді үнемі тексеріп тұру керек. Тексеруді айына бір рет етеккір аяқталғаннан 7 -10 күннен кейін, ауырсыну мен ісіну басылған кезде жасау керек. Тексерудің техникасы өте қарапайым және 6 қадамнан тұрады.
1-ші қадам: Іш киімде (бюстгалтер) емшектен бөлінділер іздерінің бар-жоғын тексеріңіз. Кез келген қанды, сарғыш немесе жасылдау дақтардың бар-жоғын мұқият қараңыз.
2-ші қадам: Кеуделеріңізді тексеріңіз. Ол үшін беліңізге дейін шешініп, айнаның алдына тұрыңыз. Қолды көтеріп, түсіріп, бастың артына қойып, иілу және солға және оңға бұрылу арқылы әрбір кеудені тексеріңіз. Сүт безінің пішінін, симметриясын және қозғалғыштығын бағалаңыз, қозғалыс кезінде терідегі өзгерістерді, кеуделердің кез келген алшақтықты байқаңыз.
3-ші қадам: Терінің жағдайын бағалаңыз. Оның серпімділігін, түсінің өзгеруін, жекелеген аймақтарда немесе бүкіл безде қызаруды, бөртпелерді немесе «лимон қабығына» ұқсас өзгерістерді тексеріңіз. Теріні қатайту, шұңқырлар немесе беткі қабаттар бар-жоғын тексеру үшін алақаныңызды пайдаланыңыз.
4-ші қадам: Тіке тұрып кеудеңізді сипап тексеріңіз. Жақсырақ сырғу үшін алақаныңызды жақпа маймен майлаңыз. Оң жақ кеудеңізді тексеру үшін сол алақаныңызды пайдаланыңыз және керісінше – сол жақ кеудеңізді тексеру үшін оң қолыңызды пайдаланыңыз. Сипауды саусақтарды бірі біріне қосып жүргізіңіз. Біріншіден, тері астындағы ұсақ, таяз зақымдануларды анықтау үшін беткей сипауды өткізіңіз. Әрі қарай саусақ ұштарымен терең пальпация жасалады. Бұл пальпацияны мықын сүйегінен қабырғаның төменгі жиегіне дейін және төс сүйегінен қолтық асты сызығына дейін өткізу жөн. Сипауды ұлғайған лимфа түйіндерін анықтауға болатын қолтық аймағына және бұғана үсті аймағана дейін жүргізу керек.
5-ші қадам: Қатты, тегіс бетке жатып кеуделерді тексеру. Бұл қадам өте маңызды, өйткені ол барлық тіндердің мұқият терең зерттеуге мүмкіндік береді. Тексеру саусақтардың жабық түрде алақанмен жүргізіледі, ал екінші қолды дене бойымен созу немесе бастың артына қою керек. Тексеруді сүт безін және алдыңғы кеуде қабырғасының бүкіл бетін бұғана сүйегінен қабырға шетіне дейін, және төс сүйегінен қолтық асты аймағына дейін мұқият өткізу керек. Зерттеу спираль түрінде қолтық астынан басталып емшек ұшына дейін жүргізіледі. Шеткіден орталыққа қарай қозғалып, айналмалы қозғалыстар жасау үшін саусақ ұштарын пайдаланыңыз.
6-ші қадам: Емшек ұшын тексеріңіз. Пішіндегі немесе түстегі кез келген өзгерістерді, ағуларды, жараларды немесе жарықтарды анықтау өте маңызды. Емізік пен оның айналасындағы аймақ зерттеледі, себебі ол жерде ісік болуы мүмкін. Соңында бас және сұқ саусағыңызбен емізікті ақырын ұстаңыз және оны қысыңыз.Қалыпты жағдайда емізіктен ешқандай бөлінділер шықпау қажет.
Егер сізде тексеруді өткізгенде қандай да бір алаңдаушылық болса, үрейленбей маммологпен кеңесіңіз! Дәрігер клиникалық тексеру жүргізеді және тиісті ем тағайындайды.
Сүт безінің ісіктерді емдеу үшін мына ем түрлері қолданылуы мүмкін:
- ісіктерді хирургиялық жолымен алып тастау,
- сәулеліктерапия,
- химиотерапия,
- гормондықтерапия,
- таргетті немесе иммунотерапия.
Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу.
Кез келген аурудың алдын алу немесе ерте кезеңде анықтау оңай, ал онкопатология кезінде бұл өмірлік маңызды. Міндетті түрде сақталуы тиіс барлық әйелдерге кеңестер:
- Маммологқажәне/немесегинекологқажылына 1 ретбарыңыз;
- Жыл сайынғыскринингтенөтіңіз, жасынақараймаммографияжасаңыз;
- Дене белсенділігімен айналысыңыз, қалыптысалмақтысақтаңыз, күнсайынқозғалыңыз, дұрыстамақтаныңыз;
- Алкогольді шектеңіз, темекі шегуден бас тартыңыз;
- Бала туыңызжәнеемізіңіз – бұлобырдантабиғиқорғау;
- Гормондықденсаулықтықадағалаңыз.
Сүт безінің қатерлі ісігі – үкім емес!
Ең бастысы – оны ерте анықтау және ұзатпай дәрігерге бару. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жақындарыңызға аурудың алдын алу туралы ескертіңіз!
Салауатты өмір салты дәрігері Смаилова Ф.К.


