Полипрагмазия – бір мезгілде тым көп дәріні (бес және одан да көп) қабылдау жағдайы. Ол көбінесе созылмалы ауруы бар науқастарда кездеседі.
Полипрагмазия кейде қажетті, ал кейде қажетсіз болуы мүмкін.
Қауіпі неде:
- дәрілердің өзара әсерлесу және жанама әсерлерінің қаупін арттырады;
- емнің тиімділігін төмендетеді;
- дәріні қабылдауда қателік жіберуге және жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін;
- құлау қаупін күшейтеді;
- есте сақтау мен ойлау қабілетіне (танымдық бұзылыстарға) теріс әсер етеді және тағы басқалар.
Полипрагмазияның алдын алу жөніндегі кеңестер:
- Қолданатын барлық дәрілердің тізімін жүргізіңіз.
- Дәрілер туралы міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
- Артық немесе қажетсіз дәрілерді қабылдамаңыз.
- Дәрілердің өзара әсерін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
- Емді тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана өзгертіңіз.
- Жаңа дәрілерге мұқият болыңыз.
- Қажетсіз дәрілерді тоқтату мүмкіндігін дәрігермен талқылаңыз.
- Дәрігеріңіз ауысқан жағдайда, қабылдап жүрген дәрілер туралы толық ақпарат беріңіз.


