НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ерлер үшін ақпарат: қуық асты безінің обыры!

   Қуықасты безі обыры – бұл ер адамның несеп-жыныс жүйесінің ең кең таралған онкологиялық ауруларының бірі. Қуықасты безі (немесе простата) қуық астында орналасқан және несеп шығару арнасының бастапқы бөлігін қоршап тұрады. Простата обыры көбінесе 50 жастан асқан ерлерде дамиды және ерлерде барлық қатерлі ісіктер арасында өкпе және асқазан ісіктеріне жол береді.

   Соңғы жылдары аурудың «жасаруы» мен жиіленуі байқалады. Сондықтан өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау, уақытылы алдын алу шараларды қолдану мен  аурудың ерте сатыларында анықтау  ісіктің пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі. Простата обырын  анықтау  және емдеумен урологтар мен онкологтар айналысады.

   Қуықасты безі обыры қандай себептерден  пайда болады?

   Нақты себептері әлі толық зерттелмеген, бірақ дәрігерлер аурудың бірнеше факторларын анықтайды:

  • Жасы (ер адам неғұрлым үлкен болса, қатердің дамуы соғұрлым жоғары болады);
  • Тұқым қуалаушылық (әкесінде және жақын туыстарында обырдың болуы);
  • Қуық асты безіндегі созылмалы қабыну процестері (созылмалы простатит, простата аденомасы);
  • Тамақ құрамында майы жоғары және көкөністер мен жемістер аз болатын диета;
  • Өмір салты (аз қозғалу, семіздік, темекі шегу, ішімдікке ауес болу);
  • Жасына байланысты гормондық өзгерістер.

   Қуықасты безі обырының  қауіптілігі  –  ауырудың  бастапқы кезеңінде жасырын өтуі, науқаста ешқандай шағым болмайды! Алайда, кейде ер адамды мынадай жағымсыз сезімдер мазалайды:

  • Зәр шығару қиындықтары, зәрдің әлсіз немесе үзік-үзік ағуы;
  • Зәр шығаруға жиі шақыру (отыру), әсіресе түнде;
  • Қуықтың толық босамаған сезімі;
  • Эрекцияның төмендеуі;
  • Аралық, жамбас аумағындағы ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезім;
  • Зәрде, шәуетте (спермада) қанның пайда болуы.

   Назар аударыңыз: егер сізде осындай белгілер байқала бастаса міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз!

  Қуықасты безі обырын анықтау үшін қолданылатын әдістер:

  • PSA (простата спецификалық антигені) бойынша қан анализі
  • Тік ішек арқылы сипап тексеру;
  • Трансректальды ультрадыбыстық зерттеу ;
  • Қажет болған жағдайда – простата безінің биопсиясы тағайындалады.

   Қуықасты безі обырын  алғашқы кезеңінде анықтау  әдісі – PSA және оның фракциялары бойынша қан анализі. Бүгінгі таңда PSA-нің «алаңдатарлық  шекарасы» – 3 нг/мл деңгейінде. PSA простатит, простата аденомасы және мүшемен әр түрлі манипуляциялардан (зәр қалтасын катетерлеу, простата биопсиясы, массаж және т.б.) кейін де жоғарылауы мүмкін, сондықтан PSA-ның әрбір көтерілу жағдайын міндетті түрде зерттеу қажет. Тұрақты профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және тиімді емдеуге көмектеседі.

   Емдеу: Емдеу нұсқалары науқастың жалпы жағдайына және аурудың сатысына байланысты. Оларға мыналар кіреді:

  • Қуықасты безін хирургиялық жолымен алып тастау;
  • Сәулелік терапия;
  • Гормондық терапия;
  • Химиотерапия.

   Есте сақтау керек: емдеудің заманауи әдістері осы аурумен тиімді күресуге мүмкіндік береді! 

   Простата обырының даму қаупін қалай төмендетуге болады? Алдын алу ережелері.

    Қуықасты безі  обырының даму қаупін төмендету үшін қарапайым ұсыныстарға сүйеніңіз:

  • Денсаулықты сақтау:
    • Тағамда көкөністер, жемістер, тұтас дәнді өнімдердің мөлшерін арттырыңыз;
    • Майлы және қуырылған тағамдарды шектеңіз;
    • Омега-3 май қышқылдарына бай өнімдерді (теңіз балығы, теңіз өнімдері, зығыр майы) қосыңыз;
    • Қатты алкогольді, энергетикалық сусындар мен тәтті газдалған сусындарды шектеңіз.
  • Белсенді өмір салты:
    • Физикалық белсенді болыңыз, аз қозғалудан аулақ болыңыз. Велоспорт, тренажёрлар, жүзу және басқа да спорт түрлері жамбас бұлшықеттерін күшейтіп, қалыпты салмақты сақтауға ;
    • Күніне 20-30 минуттық физикалық жаттығулар қан айналымын жақсартады, иммунитетті нығайтады;
    • Дені сау серіктеспен тұрақты және қауіпсіз жыныстық қатынаста болыңыз.
  • Салмақты бақылау:
    • Артық салмақ даму қаупін арттырады. Өз дене салмағының индексін (ДСИ) бақылаңыз, оны 19 – 24,9 кг/м2 аралығында ұстау ұсынылады.
  • Тұрақты медициналық тексерулер:
    • 50 жастан кейін тұрақты профилактикалық тексерулерден өтіңіз. Егер жақын туыстарыңызда қатерлі ісіктер болса, профилактикалық тексеруді ертерек бастаңыз;
    • Қан құрамындағы холестерин, глюкоза және зәр қышқылы деңгейін бақылаңыз.
  • Зиянды әдеттерден бас тарту:
    • Темекі шегу және алкогольді асыра пайдалану онкологиялық аурулардың қаупін арттырады.

   Есіңізде ұстаңыз: Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда! Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз – ерте диагностика өмірді сақтайды!

   Денсаулығыңызға назар  аударыңыз және болашағыңызға қамқорлық жасаңыз!

   Мамандырылған медициналық көмек бөлімшесінің уролог дәрігері Артур  Алиев

Рак простаты 1

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время