Вирусты гепатиттер туралы дәрігер-инфекционист Шағманова Сәуле Қажығалиқызы айтып береді.
Вирустық гепатиттер бүкіл әлемде жаһандық проблема болып табылады.
Вирустық гепатиттер – бауырдың зақымдануымен өтетін вирустық аурулардың үлкен тобы.
В, Д және С гепатиті вирусын таратудың негізгі жолдары
- жұқтырылған қанды құю;
- жұқтырылған медициналық аспаптарды пайдалану;
- гепатит вирусын жұқтырған адамның тұрмыстық керек-жарақтарын пайдалану (тіс щеткалары, майлықтар, ұстара);
- жыныстық жол;
- тік жол (жүктілік, босану, емшек емізу кезінде вирусты жұқтырған анадан балаға).
Созылмалы вирустық гепатиттің симптомсыз өтетінін ескере отырып, В және С вирустық гепатитін ерте анықтауға жыл сайынғы профилактикалық тексерулер өзекті.
Алдын алу
- Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен жанасудан аулақ болыңыз.
- Емдеу және диагностикалық емшараларды жүргізу кезінде бір реттік құралдардың пайдаланылуын қадағалаңыз.
- Кездейсоқ қорғалмаған жыныстық қатынастардан аулақ болыңыз.
- Есірткіні қабылдаудан бас тартыңыз.
- Ешқашан пирсинг пен татуировканы стерильді емес аспаптармен жасамаңыз.
- Салондар мен клиникаларға барған кезде бір реттік құралдарды тек сізге ғана қолдануға және басқаларға бермеуге назар аударыңыз.
- Зиянды әдеттерден бас тартыңыз.
В гепатитінің алдын алудың ең перспективалы құралы – вакцинация.


