НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Артық салмақ түрлі ауруларға апарады

   Семіздік – бұл денеде артық май тінінің жиналуы және салмақтың  орташа қалыптан  (адамның бойын ескерегенде) 20% немесе одан да көп асып кетуі. Қазіргі әлем бойынша  артық салмақ пен семіздік жаһандық мәселеге айналды. Семіздік – күрделі ауру, оның салдары ескерілмегенмен өте қауіпті. Ұлттық госпитальдің салауатты өмір салты дәрігері Флюра Сымайыловамен осы тақырыпта әңгімелескен едік.

Семіздіктің қауіптілігі

    -Артық салмақ пен семіздік гипертония, жүрек-қан тамырлары аурулары, 2 типті қант диабеті және бауырды май басу ауруларының өршу қаупін арттырады. Олар сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тірек-қимыл аппаратына (буындар мен омыртқа) және репродуктивті функцияға әсер етеді.Семіздік сүт безі қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік және басқа да қатерлі ісіктердің қаупі артады.  Мұндай  адамдарда ұйқы бұзылады  және физикалық белсенділік шектеледі – дейді дәрігер Ф.Смайылова. Олар депрессияға түсіп, эмоционалды және психикалық жайсыздықты бастан өткізеді. Артық салмақ иммундық жүйеге теріс әсер етеді.  Мұндай  адамдар суық тиюден жиі зардап шегеді және  қалпына келтіру қиынырақ болады. Артық салмақ 30 бен 60 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі.

Артық салмақты қалай анықтауға болады?

   Артық салмақты анықтаудың ең оңай жолы – дене салмағының индексін (BMI) есептеу.  Ол үшін 18 бен 65 жас аралығындағы адамдарға мына формуланы қолдану ұсынылады:BMI = дене салмағы (кг) × бой (м²)

   Өлшеу нәтижелері:

  • BMI <18,5 (төмен) – салмағының аздығын көрсетеді;
  • BMI 18,5-тен 24,9-ға дейін (қалыпты) – дұрыс деп саналады;
  • BMI 25,0-ден 29,9-ға дейін (жоғары) – артық дене салмағын және семіздікті көрсетеді;
  • BMI 30,0-ден 34,9-ға дейін (жоғары) I- дәрежелі семіздік болып табылады.
  • BMI 35,0-ден 39,9-ға дейін (өте жоғары) II- дәрежелі семіздік болып табылады.
  • BMI 40 немесе одан жоғары (өте жоғары) III- дәрежелі семіздік (өте семіздік) болып табылады.

   Тағы бір қарапайым сынақ – сіздің беліңіз. Беліңіз неғұрлым үлкен болса, соғұрлым денсаулыққа қауіп төнеді. Әйелдер үшін ұсынылатын бел шеңбері 80 см-ден, ал ер адамдар үшін 94 см-ден аспауы керек.

   Іші бар адамдар үшін белді кіндіктен 2 см жоғары өлшейді. Жіңішке адамдар үшін бел ең тар нүктесінде өлшенеді.

   Артық салмақ пен семіздікке ықпал ететін жағдайлар:

  •  Артық тамақтану (энергиялық теңгерімсіздік) – әсіресе тәттілерді, нан өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, фастфудты және майлы тағамдарды тұтыну.
  • Қозғалыссыз өмір салты – компьютерде ұзақ жұмыс істеу, физикалық белсенділіктің аздығы.
  • Күйзеліс және ұйқының болмауынан  ағза  тәбетті арттыратын гормондар шығарады.
  • Тұқым қуалаушылық: егер ата-анасы семіз болса, балаларда  да оның даму қаупі жоғары болады
  • Метаболикалық және гормоналды бұзылулар, мысалы, қалқанша безінің ауруы.

Майдың таралуына  қарай:

  • Висцеральды семіздік (май дененің тері асты қабаттарында емес, іш құрылысқа,  маңызды мүшелердің  айналасында жиналады)
  • Перифериялық семіздік (май тері асты тінінде – арқада, мойында, жамбаста, бөкселерде жиналады)
  • Аралас семіздік (май шөгінділері дененің ішкі және сыртқы жүйелеріне әсер етеді).

Біз неліктен күзде және қыста жиі салмақ қосамыз?

      Күзде және қыста артық салмақ қосудың бірнеше себебі бар. Күндізгі жарықтың қысқаруы, физикалық белсенділіктің төмендеуі, калорияларды тұтынудың жоғарылауы, гормоналды өзгерістер (соның ішінде D витаминінің тапшылығы)  және психологиялық факторлар.  Мысалы, маусымдық депрессия және көмірсуларға әуестік. Дене белсенділігінің төмендеуі. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты адамдар аз жүреді. Қозғалыстың болмауынан  энергия да аз жұмсалады. Калорияның көбеюі. Суық мезгілде біз калориясы көбірек, тығыз және тәтті тағамдарды қалаймыз. Майлы,  ащы және тұзды тағамдарды ұнататындар нанды көбірек жейді.  Судың жетіспеуі. Қыста біз таза суды аз ішеміз, ал ағза шөлді аштықпен шатастырады. D дәрумені деңгейінің төмендеуі. Күн сәулесінің жетіспеушілігі майдың жиналуына және тәбеттің жоғарылауына байланысты D дәруменінің тапшылығына апарады. Метаболизмнің баяулауы: Суық айларда дене метаболизмін бәсеңдетуі мүмкін, бұл қалыпты диета кезінде де салмақ қосуға әкеледі. Гормоналды өзгерістер. Күндізгі жарықтың қысқаруы гормон өндірісіне әсер етеді және биоритмді өзгертеді. Серотониннің төмендеуі («бақыт гормоны») тәттіге деген құштарлықпен және стресс гормонымен өтеледі.    Маусымдық депрессия. Маусымдық шаршау және апатия тамақтануға әсер етіп, күйзеліске әкелуі мүмкін.

   Мінез-құлықтың өзгеруі. Көмірсуларға және жалпы тағамға деген құштарлық күйзеліс  пен тұрақсыз  көңіл-күймен күресудің бір жолы болуы мүмкін.

   Салқын маусымдарда  салмақ қоспау үшін:

   Адам күні бойы тамақ арқылы тұтынатын калория мен энергияны жұмсауы керек. Егер сізде  тұқым қуалайтын семіздікке  бейімділік болса немесе артық салмақ болса, диетаны реттеп, қарапайым ұсыныстарды орындаған жөн. Жиірек, бірақ аз мөлшерде тамақтаныңыз; қант, нан және майлы тағамдарды азайтыңыз. Күніне кемінде 1,5-2 литр су ішіңіз. Қала пәтерлерінде жылыту ауаны құрғатуы мүмкін, сондықтан сұйықтық  теңгерімін сақтау маңызды. Көбірек жаттығулар жасаңыз: таза ауада серуендеу, таңертеңгілік жаттығулар, би, жүзу, коньки тебу, шаңғы тебу – бәрі денені қалыпты ұстауға көмектеседі.

  • Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау арқылы ұйқыңызды жақсартыңыз.
  • Салмағыңызды бақылаңыз,  аптасына бір немесе айына екі рет өлшеніңіз.
  • Тәттілер мен фастфудтарды  барынша үйде  сақтамауға тырысыңыз.
  • Артық салмақпен күресудің ең тиімді жолы – ерте анықтау және салмақты уақтында  дұрыс басқару-дейді дәрігер Ф.Смайылова.

   Есіңізде болсын, кез келген басқа ауру сияқты, семіздікті де емдеуден гөрі алдын алу оңай. Дұрыс тамақтану, жаттығу және салауатты өмір салтын ұстану тек артық салмақтан ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа созылмалы аурулардан сақтандырады.

Как избежать ожирения 4

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время