НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

15 сәуір – Халықаралық зертханалық диагностика маманы күні

   15 сәуір – Халықаралық зертханалық диагностика маманы күні. Бұл күн ДДҰ-ның заманауи медициналық және медициналық емес ұйымдардың қызметінде зертханалық диагностика мамандырының маңыздылығын көрсету үшін ұйымдастырылды. 

   Бұл кәсіби мереке туралы білетіндер көп емес, осы қажырлы еңбекті көргендер аз, бірақ оның қаншалықты баға жетпес екенін бәрі түсінеді! Көптеген аурулар – жүрек-қан тамырларынан өкпеге дейін, диабеттен обырға дейін зертханалық растауды талап етеді. Көптеген жағдайларда зертханалық талдаулардың нәтижелеріне дәрігерлік тактика, емдеу әдісін таңдау, біздің пациенттердің денсаулығы, кейде өмірі де байланысты. Клиникалық зертханалар қызметкерлерінің қолымен күн сайын жүздеген талдаулар жүргізіледі, олар дәрігерлерге пациентке қатысты маңызды шешім қабылдау үшін ақпараттың 70%-дан астамын береді.

   Бұл мерекенің тарихы қызықты. Ол бірнеше жыл бұрын Еуропаның кейбір елдерінде Медициналық техник-зертханашы күніне арналған  еді. Бірақ, көп ұзамай, бұл күн анағұрлым кең мағынаға ие болды, ол әртүрлі зертханалардың қызметкерлерін, соның ішінде биологтар, химиктер және зертханалық зерттеулердің басқа да мамандарды біріктірді.

   Медицина ғылымы мен техникалық прогресс тез дамуда. Қазіргі уақытта медициналық зертханаларда жалпы клиникалық, гематологиялық, серологиялық, цитологиялық, биохимиялық талдаулар, иммунологиялық және иммуноферменттік зерттеулер, гемостазды бағалау, бактериологиялық зерттеулер жүргізілуде. Әсіресе генетикалық зерттеулерге ерекше орын беріледі, емдеуші дәрігер генетикалық материалды зерттеу нәтижелеріне толығымен сүйенеді. Бұл зерттеулер медицинада ғана емес, адам қызметінің басқа да көптеген салаларында қолданылады.

   «Зертханалық диагностика»  мынаны түсінік нені қамтиды?

   «Зертханалық диагностика» ұғымы зерттеудің өзін ғана емес, басқа да көптеген процестерді қамтиды. Бұл биологиялық материалды «алу», оны сақтау және тасымалдау, тікелей зертханалық зерттеу, осы талдаулардың мағынасын ашу. Зертхана қызметкерлері студенттік кезеңде анатомия, биология, генетика, клиникалық зерттеу әдістері, микробиология, химия, цитология, гистология және басқаларды да оқып өтеді. Зертхананың қазіргі заманғы қызметкері – жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті тұлға. Ол зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне қарап ауруларды анықтай алады (мысалы – қант диабеті, қан аурулары, қабыну процестері, инфекциялар және басқа да жағдайлар), жұмыс үшін реактивтер мен қоректік ортаны дайындауы, қоршаған ортаның факторларын – тамақ өнімдерін, суды, топырақты, ауаны зерттеуі мүмкін. Ол емдеуші дәрігерлермен тікелей байланыста болып турады, өйткені кейбір шұғыл жағдайларда науқастың зерттеу нәтижелерін тез арада хабарлау керек.

   Зертханалық зерттеулерге дайындық бойынша ұсынымдар.

   Кез келген сырқаттану кезінде дәрігер пациентті тексергеннен  кейін тағайындағанның бірінші түрі – зертханалық талдаулар. Алынған ақпарат негізінде одан әрі зерттеулер жүргізіледі, диагноз қойылады, ем  жүргізіледі, пациенттің жағдайы бағаланады. Сондықтан талдауларды тапсыруға дұрыс дайындалу өте маңызды.

  1. Барлық клиникалық зерттеулер таңертең, аш қарынға жүргізіледі, соңғы тамақтану 8-12 сағат бұрын болуы тиіс.
  2. Дене күйзелiске ұшырамауы үшiн жақсы ұйықтау ұсынылады.
  3. Кем дегенде бір тәулік бұрын алкоголь ішуден, сондай-ақ қан тапсырғанға дейін бірнеше сағат бұрын темекі шегуден бас тарту қажет;
  4. Егер Сіз дәрілік препараттарды үнемі қабылдауға мұқтаж болсаңыз, бұл тұралы зертханашыға хабарлаған жөн;
  5. Мына процедуралар мен жағдайлардан кейін жоспарлы зертханалық талдауларды бірден өткізуге ұсынылмайды:
  • физиотерапиялық емшаралар;
  • рентгенологиялық зерттеулер;
  • шамадан тыс дене жүктемесі, психоэмоционалдық стресстік жағдайлардан соң;
  • моншаға, саунаға, мол дастарханға барғаннан кейін.

   Бұл организмде талдаулардың нәтижелеріне әсер ететін және дұрыс емес бағаланатын өзгерістер болуына байланысты.

   Зерттеуге дайындықтың барлық ерекшеліктерді Сізге емдеуші дәрігер немесе медбике түсіндіріп береді.  Ең бастысы – ұсынымдарды дұрыс орындау.

   Клиникалық-диагностикалық зертхананың аға зертханашысы Ғаббасова С.Ш.

Международный день специалиста лабораторной диагностики 1

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время