НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

1 сәуірден бастап Совмин ауруханасында күндізгі стационардың кешкі емханасы жұмыс істейді.

   Пациенттерді аурухананың үздік кардиологы, функционалдық диагностика дәрігер Дмитрий Стародубцев, уролог, андролог, Амитахун Әбдіманап, көпсалалы терапевт Әселхан Сәрсенова, эндокринолог, халықаралық медициналық қоғамдастықтардың мүшесі Әйгерім Мұздаева, отоларинголог Рамазан Гаджиев, операция жасайтын акушер-гинеколог Рамилям Зайнидинова, тәжірибелі УДЗ маманы Нұргүл Раисова, гастроэнтеролог Гүлдана Махатова, гепатолог, гастроэнтеролог Мөлдір Хажахмедова қабылдайды.

   Қазіргі таңда жұртшылық күндіз жұмыста болып, дәрігерге қаралуға уақыт таппайтыны белгілі. Кешкі емхана осы олқылықтың орнын толтырып, халыққа барынша қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр. 

   Сондай-ақ, 26 наурыздан бері «Ұлттық госпитальның» МРТ және КТ кабинеттері аптаның 7 күнінде тәулік бойы толассыз жұмыс істей бастағанын айта кетейік. 

   Халықаралық JCI талаптарына сай ең заманауи құрал-жабдықтармен жасалған зерттеулер сапалы, айқын әрі қауіпсіз саналады.  Зерттеу нәтижесі 24 сағат ішінде шығарылады.

Вечерняя поликлиника

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время