НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Өрттен сақтануды ғана емес, алдын алуды үйреген жөн

   – Өрт қауіпсіздігі шараларын білу кез-келген азаматтың міндеті. Ойламаған жерден тұтанған оттың зардабы, орыны толмас өкінішке апаруы мүмкін. Мен осы саланың маманы ретінде әріптестеріме, таныстарыма, отбасы мен достарыма үйде балалардың ток көзімен, сіріңкемен ойнап, газ құрылғыларын шұқылауларына абай болыңыздар деп жиі айтып отырамын – дейді 95 жылдық тарихы бар Ұлттық госпитальдің өрт қауіпсіздігі жөніндегі маманы Есхат Тойбаев.

   Есхат Тойбаев 2010-2014 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – ін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» саласы бойынша тәмамдаған. Есхат Қайратұлы жоғарғы оқу орынынан кейін өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік секілді салалар бойынша «Қалақұрылысы және К» ЖШС де жұмыс істеп, кейін Алматы қаласы, Алмалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде өрт қауіпсіздігі инженері қызметін атқарған. Аз ғана уақытта тәжірбие жинаған білікті маман 2019 жылдан бастап, ҚР Президенті іс басқармасы Медицина орталығы Ұлттық госпиталінің шаруашылық жүргізу құқығындағы өрт қауіпсіздігі саласында қызмет атқарады.

   – Ауруханадағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында біз жылына бір рет Алматы қаласы төтенше жағдайлар депатаментімен бірге оқу-жаттығу өткіземіз. Медциналық құрам мен басқа да қызметкерлерге дабыл қоңырауы іске қосылған жағдайда не істеу керектігін және дүрбелең туғызбай сыртқа шығу жолдарын түсіндіреміз. Госпиталь қызметкерлері өздерінің өміріне ғана емес, емделеушілердің де тағдырына жауапты. Басты мақсат – науқастарды құтқару – дейді Есхат Қайратұлы.

Лучше научить не только избегать огня, но и предотвращать... рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время