НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлттық госпитальда Қылмыстық кодекс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормалары түсіндірілді

   2025 жылғы 10 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде медицина қызметкерлеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау болды.

   Кездесуде Ұлттық госпитальдың заң бөлімінің басшысы Асылхан Мусанов баяндама жасап, Қылмыстық кодекстің негізгі баптарын, соның ішінде сыбайлас жемқорлық және мүліктік қылмыстар бойынша жауапкершілік шараларын кеңінен түсіндірді.

   Спикер заң нормаларын, қызметтік этика мен корпоративтік ережелерді қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ хирургия жөніндегі директордың орынбасары Данияр Аманғалиев баяндамашыға алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің ұжымда тәртіп пен құқықтық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

В Национальном госпитале разъяснили нормы Уголовного кодекса и антикоррупционного законодательства

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время