НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұйқы және түс көру

   Ұйқы – мезгіл-мезгіл пайда болатын сергектікке қарама-қарсы физиологиялық жағдай. Сыртқы әлеммен байланыс айтарлықтай шектеулі болса да, ұйқы барысында  адам  өмірі үшін  маңызды интенсивті, психикалық процестер жүзеге асырылады.  95 жылдық тарихы бар Ұлттық госпитальдің ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері Юлия Вячеславовна Шепелева ұйқы және түс көру жайлы мынандай ақпараттар ұсынады:

     – Ұйқтау барысында бірнеше рет қайталанатын ұйқы кезеңдерінің тұрақты тізбегі орын алады. REM-жылдам ұйқы фазасы, яғни көзің жылдам қозғалуы. Ал REM емес ұйқы –баяу ұйқы.  Көздің жылдам  қозғалысы ұйқысы  парадоксальды ұйқы деп аталады. Әр түнде адам ұйқының бес кезеңін  бастан өткзеді. Сол кезеңдердің  көрген түстің 90% ұмытылады. Бұл  – жақсы ұйқының көрсеткіші. Түс көру  психиканың саналы және бейсаналық элементтері арасындағы байланыс  болып табылады. Олар  – біздің тұлғалық болмысымыздың, эмоционалдық жағдайымыздың  және денсаулығымыздың анықтамасы. Әрбір сурет, арман , тіпті бір қарағанда ақылға қонымсыз ой болса да,  іс жүзінде адам туралы ақпарат береді –дейді дәрігер.

   Түс көру  эмоционалды жағдай мен күйзелісті көңіл-күйге бейімделу үшін өте маңызды. Тіпті жағымсыз, қорқынышты  түстердің өзі  бізге нақты өмірлік жағдайларға дайын болуға  және стресске төзімділікті арттыруға көмектеседі.

    REM ұйқысында оянған кезде адам өзінің түстерін есіне алады. Түн ортасында оянғаннан кейін кейбір түстер  есте сақталмайды, өйткені адамның миы кездейсоқ, маңызды емес дүниелерді санадан өшіріп тастайды.

   «Ештен кеш жақсы» – дейді халық даналығы. Әрқайсымызда кездесетін көптеген  мәселелердің алдында  дәрменсіздік,  қобалжулы  болсақ та,   ұйықыдан  оянғанда барлық мәселелер  шешілді деген жағымды сезімді есте сақтап қаламыз. Ұйқы кезінде эмоционалдық фон үйлесім тауып, шығармашылық қабілет артады . Мен барлығыңызға жағымды түстер, денсаулық және тыныш ұйқы тілеймін-дейді  Юлия Вячеславовна.

Сон и сновидения рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время