НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

  Қант диабетін дер кезінде анықтау маңызды

   Қант диабеті – кең тарап бара жатқан аурулардың  бірі. Бұл сырқаттың белгілері мен ерекшеліктері жайлы  және  статискалық мәлімет алу үшін Ұлттық госпитальдің 1-терапия бөлімінің эндокринолог дәрігері,  «Жас мамандар кеңесінің» төрайымы Мөлдір Ермекқызы Маратованы әңгімеге тартқан едік.

   – Елімізде эндокриндік аурулардың статистикасы жүргізіледі. Кеңінен таралған аурулар қатарына қант диабеті (1,2 тип), қалқанша безі патологиялары, бүйрек үсті безінің, гипофиз патолгиялары жатады. Соңғы  мәліметтерге сүйенсек,  әлемде 20 мен 79 жас аралығындағы 589 млн-дай адам кант диабетімен ауырады. Ал  біздің елімізде 2025 жылдың мәліметтері бойынша  540 000-нан  аса  адам тіркелген –  дейді эндокринолог М.Ермекқызы.

  Дәрігер бұл аурудың   ерекше белгілері жайлы және  адамдар неге баса назар аудару керектігіне де тоқталды

   – Жалпы қант диабетін бастапқы кезеңде сыртқы белгілеріне байланысты анықтау мүмкін емес. Бірақ 35 жастан асқан, артық салмағы бар, туған-туыстарында қант диабеті диагнозы бар, дұрыс тамақтанбайтын, қозғалысы аз  адамдарда  диабеттің  даму қаупі жоғары болады. Ал нақты белгілеріне келетін болсақ, шаршау, әлсіздік, шөлдеу, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, дене салмағының бірден төмендеуі белгілеріне назар аударған дұрыс.

   Жоғарыда айтылғандай қант диабеті бар науқастар саны көп және өкінішке қарай жыл сайын артып келеді. Оның басты себебі,  адамдардың салауатты өмір салтын ұстанбауы.   Көп адамның  тамақтану тәртібі бұзылған. Жылдам даяраланатын тағамдар,  энергетикалық сусындады  пайдалану да басты себептердің бірі.  Ұйқы толыққанды емес, жұмысқа қаблетті адамдарда физикалық белсенділік төмен.  Осылардың барлығы артық салмақтың пайда болуына апарады, одан ары қарай диабеттің даму қаупі жоғарылайды.  Дер кезінде тексеруден (40 жастан жоғары адамдар қант деңгейін, гликированный гемоглобинді  анықтау) өтпейді.  Қант деңгейінің жоғары екені  анықталса да, көп адамдар  аса мән бермей,  асқынған кезде  ғана медициналық көмекке жүгінеді. Қазіргі уақытта  артық салмағы бар  бар адамдардың саны көбейгендіктен, 2 типті қант диабеті жасарып бара жатыр деуге болады.

  -Эндокриндік аурулардың  алдын алу үшін не стеу керек?  Бұл көбінесе  зат алмасу процесстерінің бұзылуынан болатындықтан, тамақтану режимін сақтап, артық салмақтан арылу маңызды болып есептеледі.  Ұйқыны реттеп, , уақытында тексеруден өтіп тұру  және күйзеліске апаратын жағдайларды  барынша азайту керек.

  Аса назар аударатын жағдай!  Эндокриндік аурулар балалық шақтан бастау алады.  Баланың  ағзасының қалыптасуы  барысында  пайдалы қоректік заттарды уақытында қабылдауы (йод, витамин Д дефициті) және  физикалық белсенді болуы маңызды. Егер сіз қазір зиянды әдеттерге жақын болсаңыз және  артық салмағыңыз болса, болашақта сіздің ұрпағыңызда да зат алмасу жүйесі ауруларының пайда болу қаупі де  жоғары.

   Дәрігер М.Ермекқызы  иод тапшылығынан болатын ЗОБ (жемсау)  ауруы жайлы да ақпарат ұсынды

  -Жемсау (ЗОБ)  халық арасында кеңінен таралған ұғым, негізінде ол қалқанша безінің көлемінің ұлғаюы дегенді білдіреді.  Ағзада иод  жеткіліксіздігі қалқанша безінің қарқынды жұмыс істеуіне,  түйіндердің  пайда болуына, жалпы көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Бұл –  құрылымдық өзгерістер, ал оның қызметі  қандағы гормондар деңгейі анықтау арқылы бағаланады. Сонымен қатар аутоиммунды процесстер, тұқым қуалаушылық факторлары қалқанша безінің қызметіне әсер етеді.

  Қалқанша безі гормондарының жеткіліксіздігі – гипотиреоз, ал шамадан тыс бөлінуі – гипертиреоз деп аталады.  Бұл екі жағдайдың да өзіндік емдеу әдістері бар және дәрілік препараттардың көмегімен тек эндокринологтың бақылауымен жүргізіледі.  Көп жағдайда адамдар емді бастайды да қайта тексеруден уақытылы  өтпей, асқынған кезде  келеді.  Қалқанша безінің гормондарын,  ағзадағы барлық зат алмасу үрдістерін бақылап, оны уақытында анықтау және емдеу маңызды –дейді эндокринолог М.Маратова.

Важно своевременно выявлять сахарный диабет рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время