Қант диабеті – ұйқы безі шығаратын гормон. Ол инсулиннің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қандағы қанттың (глюкоза) жоғарылауынан туындайтын созылмалы ауру. Біз бүгін осы ауруға душар болған адамдардың тері күтімі жайлы Ұлттық госпитальдің дерматолог дәрігері Гүлмираш Сартаеваның кеңесін ұсынамыз.
ҚД кезінде тері күтімінің негізгі ережелері
Күнделікті жеке бастың гигиенасын сақтау: теріні құрғатып, липидті тосқауылға зақым келтіруді және тітіркенуді болдырмау үшін жұмсақ тазартқыштарды қолданған жөн. Өте ыстық судан аулақ болыңыз, себебі ол құрғақтықты арттырады. Жуғаннан кейін тері қатпарларын жақсылап құрғатыңыз. Қажет болса, дәрілік ұнтақ немесе тальк ұнтағын қолданыңыз. Бетіңіздің, қолыңыздың және аяғыңыздың терісін нәрлендіретін ылғалдандырғыштарды пайдаланыңыз. Аяғыңызға ерекше назар аударыңыз.
Қант диабетімен ауыратын адамдарда невропатия, қан айналымының нашарлауы және құрғақтық салдарынан әсіресе аяқтары осалдау болады. Жарықтар, мозоль немесе басқа жарақаттар ауыр асқынулар тудырып, тіпті медициналық көмекке жүгінуге дейін апаруы мүмкін. Сол үшін аяғыңызды күнделкті тексеріп, жаралар, құрғақ жерлер, қызару және мозоль бар-жоғына көз жеткізіңіз. Аяқ терісін арнайы кремдермен жұмсартыңыз. Жараларды және микрозақымдарды емдеңіз.
ҚД бар терінің қысқы күтімі
Қыс – диабеттік тері үшін өте маңызды кезең. Суықта тері құрғақ және сезімтал болады. Оның қорғаныс кедергісі әлсірейді, кіші- гірім жарақаттар қаупі артады. Сондықтан теріңізді жел мен суықтан қорғаңыз. Бас киім, мойын орағыш және қолғап киіңіз. Көшеге шығудан 30 минут бұрын қорғаныш кремдерін жағыңыз. Кілегей мен жұмсақ майларды (мысалы қаздың майы) пайдалануға болады. Аяқ киім құрғақ, жылы аяқты қыспайтын болуы керек. Майлы кремдер мен жұмсартқыш арнайы дәрілік косметика құрғақтықпен күресуге көмектеседі. Оларды күніне кемінде екі рет қолданыңыз.
Ең бастысы – глюкоза деңгейін бақылау! Қандағы қанттың қалыпты деңгейі жалпы денсаулық үшін маңызды. Қант диабетін дұрыс емдеу терінің асқыну қаупін азайтады. Ауырсыну, қызару немесе жара, ұзақ уақыт жазылмаған жарықтар және инфекция белгілері болса дәргермен кеңесу керек -дейді дерматолог Г.Сартаева.


