НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Шымкентте нейрохирургия бойынша көшпелі мастер-класс өтті

   2026 жылғы 30-31 наурыз күндері №1 қалалық клиникалық ауруханасында Ұлттық госпитальдің нейрохирургы Мақсат Мусабековтің қатысуымен көшпелі мастер-класс өтті.

  Іс-шара аясында науқастарға кеңестер жүргізіліп, ауыр жағдайдағы науқастарға бірлескен қарап-тексерулер ұйымдастырылды, сондай-ақ ми тамырларына стент қоюды қоса алғанда жоғары технологиялық оталар жасалды, бұл емдеу тиімділігін арттырып, асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік берді.

   Сонымен қатар ұжымға арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылып, қазіргі медицинаның негізгі бағыттары қамтылды: инсульттен кейінгі ерте оңалту, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ халықаралық JCI стандарттарына сәйкес науқас қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

   Аталған мастер-класс тәжірибе алмасу мен мамандардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ озық медициналық технологияларды енгізу арқылы халыққа көрсетілетін дәрігерлік  көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиімді алаңға айналды.

В Шымкенте прошёл выездной мастер-класс по нейрохирургии

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время