2025 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында «KAZNEURO – Тамырлық және интервенциялық нейрохирургия мен неврология дәрігерлері қоғамы» Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде Х Халықаралық пікірталас нейрокурсты өткізеді.
Дәстүрге сай, конференция нейрохирургия саласының жетекші мамандарын, тәжірибелі-дәрігерлерді, ғалымдар мен медициналық қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Іс-шара аясында Қазақстан, Орталық Азия және өзге де елдердің нейрохирургия және неврология саласындағы мамандарының онлайн қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылады.


