НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Папилломавирустық инфекция, оның ерекшеліктері және алдын алу

   Адам папилломаcы вирусы (АПВ) – бұл жыныс жолдарының ең жиі таралатын инфекциясы болып табылатын вирустардың өте кең таралған тобы. АПВ-ның

   300-ден астам генотипі белгіленген. Олардың кейбіреулері папилломаның, сүйелдердің,  кондиломалардың пайда болуына әкеледі, ал кейбіреулері онкогендік белсенділікке ие және обыр ауруларының дамуына ықпал етеді.

   Вирус, әдетте, ауыз және жұтқыншақ шырышты қабаттарын, мұрын жолдарын, көздің конъюктивасын, қабақтарды зақымдайды. Бірақ көбінесе ісіктер сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінде, шап пен маңдайда, анус аумағында, зәр шығару арнасында пайда болады. Папилломавирустық инфекцияның әрбір түрінің өзіндік ерекшеліктері, ағымы және клиникалық белгілері бар.

   Папилломавирустық инфекцияның ең қауіпті көрінісі – қатерлі ісіктер, әсіресе жатыр мойны обыры, одан жыл сайын 270 мыңнан астам әйел қайтыс болады. Ерлерде АПВ жыныстық мүшенің обырына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ вирус ауыз қуысы, көмей, тік ішек обырының дамуына ықпал етуі мүмкін.

   Онкогендік тәуекел дәрежесі бойынша АПВ үш негізгі топқа бөлінеді:

  • онкогенді емес түрлер (АПВ 1, 2, 3, 5)
  • төмен онкогенді қауіп-қатер түрлері (негізінен 6, 11, 42, 43, 44)
  • жоғары онкогендік қауіп-қатер түрлер (АПВ 16, 18, 31, 33, 35, 39, 45, 51, 52 және т.б.).

   Олардың ішінде 16, 18, 31 және 45 түрлері ең қауіпті болып табылады.

   АПВ-ның ерекшелігі – жұқтырғаннан кейін көптеген жылдар бойы инфекция симптомсыз жүреді, ал теріде пайда болған түзілімдерге адам назар аудармай жүре береді. Ол ауру екенін және жұқтыру көзі екенін білмеуі де мүмкін. АПВ-ның тағы бір ерекшелігі – оған қарсы  иммунитет тұрақсыз, соған бола адам өмір бойы бұл вирусты бірнеше рет жұқтыру мүмкін, сонымен қатар бір мезгілде бірнеше АПВ түрін жұқтыруға болады. Тағы бір қасиет – бұл қанға кірмейтін жалғыз вирус, сондықтан организмде температураның көтерілуі, қан талдауларындағы өзгерістер сияқты қабыну реакциялары туындамайды, бұл оған тіндерде болуға және тыныш көбеюге мүмкіндік береді.

   АПВ  жұқтыру жолдары.

   Вирусты жұқтырудың үш жолы бар:

  • жыныстық
  • байланыс-тұрмыстық
  • анадан балаға (босану жолдары арқылы).

   Жұқтыру ықтималдығы иммунитеттің төмендеуі кезінде бір неше есе артады. Ересектерде берудің негізгі жолы – жыныстық. Кейде жұқтыру үшін вирусты тасымалдаушымен бір рет қана жыныстық қатынас жеткілікті. Презервативтерді пайдалану жұқтыру қаупін төмендетеді, бірақ оны толығымен жоққа шығармайды, вирус ағзаға сүйісу кезінде де енуі мүмкін.

    Тері мен шырышты қабаттың аздаған зақымдануы – сызаттар, жарықтар, жаралар инфекцияға арналған қақпалар болып табылады. Жұқтыру температурасы және ылғалдылығы жоғары,  санитарлық нормалар сақталмаған жерлерде, мысалы – бассейнде, моншада, саунада болуы мүмкін.

   АПВ тері көріністерінің айқындылығы жергілікті және жалпы иммунитеттің жай-күйіне байланысты: иммунитет неғұрлым күшті болса, ол вирустың көбеюін белсендірек тежейді және онымен күреседі. Статистика бойынша АПВ-ның неғұрлым көп таралуы 17-33 жастың  аралығында байқалады, сырқаттанушылықтың шыңы 20-24 жасқа сай келедi, ерлер мен әйелдер жыныстық белсендi болғаннан кейiн. Вирусты жұқтырудан және қатерлі ісіктің дамуынан болатын уақыт 10 және одан да көп жылға созылуы мүмкін.

   Жұқтыруға қандай факторлар ықпал етеді:

  • иммундық тапшылығы жағдайлар (АИТВ қоса алғанда), сәулелік терапия, цитостатиктермен емдеу,
  • әлсірететін диета, ауыр ағымды сырқаттардың себебіннен иммунитеттің төмендеуі,
  • созылмалы күй-күйзелістер,
  • жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық әріптестердің жиі ауысуы,
  • кедергілік контрацепцияны сақтамау,
  • қанағаттанарлықсыз жыныстық гигиена,
  • темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық,
  • жыныстық жолмен берілетін вирустық инфекциялардың болуы,
  • жеке гигиена ережелерін сақтамау, АПВ алдын алу әдістерін елемеу.

   АПВ диагностикасы және емі.

   Әрбір адам тері мен шырышты қабаттың жай-күйін қадағалап, папилломалар, өскіндер түріндегі өзгерістердің пайда болуына назар аударуы керек – өйткені қарапайым түзілімдердің артында қорқынышты патология жасырылуы мүмкін. Папилломавирус инфекциясына күдік туған кезде немесе теріде түрлі түзілімдер пайда болған кезде сапалы диагностика және сауатты емдеу үшін дерматолог-дәрігерге немесе онкологқа жүгіну ұсынылады.

   Ағзада АПВ анықтау үшін физикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулер қолданылады. Олар мыналарды қамтиды:

  • Тері мен шырышты қабықтарды дерматолог дәрігердің тексеруі, дерматоскопия жүргізу;
  • Гинекологтың, урологтың, хирургтың қажетті тесттерді өткізумен консультациясы;
  • АПВ-тестілеу – жатыр мойны обырының даму қатерінің тобын анықтау үшін негізгі әдіс;
  • Қандағы спецификалық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау: Jg A, Jg M, Jg G;
  • Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) биоматериалда вирустың ДНК-сын анықтайды, бұл вирустың қандай түрі организмде бар екенін және оның вирустық жүктемесін анықтауға мүмкіндік береді;
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға талдау – ЖЖБИ.

   Емдеуде әр түрлі әдістерді қолдана отырып және әр түрлі бейіндегі мамандарды – хирург, гинеколог, уролог, инфекционист, иммунологтарды тарта отырып кешенді тәсіл қолданылады. Лазерлік коагуляция немесе криодеструкция көмегімен папилломалар мен сүйелдер хирургиялық жолымен емделенеді, сонымен қатар вирусқа қарсы және иммунитет тапшылықты  түзетуге  арналған препараттар қолданылады.  Олар симптоматикалық емдеу және онкологияның ерте алдын алу үшін пайдаланылады.

   Папилломавирус инфекциясының алдын алу.

   Алдын алу шараларын ерекше емес және ерекше деп бөлуге болады. Бірінші кезекте – бұл иммунитетті нығайту, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене белсенділігін арттыру. Дені сау және күшті иммундық жүйе инфекциямен өз бетінше күресе алады, бірақ иммунитет өмір бойы қалыптаспайды, сондықтан бұл инфекцияны қайта жұқтыру мүмкін. Осыған байланысты балалар мен жасөспiрiмдер арасында жыныстық тәрбие жөнiнде ақпараттық жұмыс жүргiзу өте маңызды. Ересек және сауатты адамдар бола отырып, олар инфекциялардан қорғалатын және болашақта өз балаларын дұрыс тәрбиелейтін болады.

   Адам папиллома вирустан қорғану жолдар:

  • Жеке гигиенаны сақтау, әсіресе – көпшілік пайдаланатын орындарда;
  • Бір дені сау жыныстық серіктес болу, ретсіз жыныстық қатынастардан аулақ болу, презервативтерді пайдалану;
  • Жыл сайын профилактика мақсатында дәрігерлердің (гинеколог, уролог, дерматолог) скринингтері мен тексерулерінен өту;
  • Дұрыс тамақтану, рационда А, С дәрумендері, фолий қышқылы, b-каротин болуы тиіс;
  • Зиянды әдеттерден бас тарту, өзінің дене пішінін нығайту;
  • Вирустың тері зақымданған жерден сау жерге ауысуы мүмкін екенін есте сақтап (қырыну, шаш алу кезінде) сақтық шараларын пайдалану.

АПВ-нің алдын алудың ең тиімді және қауіпсіз шарасы ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады.

   

   Егу өзіне тән иммунитетті қалыптастырады және генитальды сүйел мен қатерлі ісіктерді тудыратын түрлерді жұқтырудан қорғайды. АПВ-ға қарсы вакциналардың қауіпсіздігі дәлелденген, олар әлемнің 135 елінде, оның ішінде Қазақстанда да қолданылады. Жалпыға бірдей танылған 3 вакцина қолданылады: ең қатерлі 16 және 18 типті вирустан  қорғайтын екі валентті (Cervarix, GlaxoSmithKline), төрт валентті (Гардасил, Merck) және тоғыз валентті (Гардасил 9, Merck) вакциналар.

Вакцинация жатыр мойны обырынан өлім-жітімнің 95%-ын алдын алады

   

   Вакцинацияны жыныстық өмір басталғанға дейін бастау ұсынылады: 9 және одан жоғары жастағы қыздарға, ерлерге – 9-дан 26 жасқа дейін екпе салуға болады. Бұл обырға шалдығу қаупін 1%-ға дейін азайтады. Сонымен қатар, егер организмде вирустың бір түрі табылса, онда вакцинацияны басқа штаммдардан қорғау мақсатында да жасауға болады. Бүгінгі күнде вакцинация тек аурушаңдықты азайту ғана емес, сонымен қатар мүгедектікті және жыныстық сала обырынан болатын өлім-жітімді қысқартады, сондай-ақ өмір сүру сапасын жақсартады.

   Айазбаев Н.Б. онколог  дәрігер

Вирус папилломы 1

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время