НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Мейіргерлік секция: сапа, инновация және кәсіби бірлік

   Астанада Қазақстан Республикасы Президенті ІБ Медициналық орталығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Мейіргер ісіндегі сапа мен қауіпсіздік: инновациялық тәсілдер» тақырыбында мейіргерлік секция өтті.  Іс-шара аралас форматта өтті және оған ҚР Президенті ІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі қатысты. Секцияға Қазақстанның әр өңірінен, Ресей мен Оңтүстік Кореядан келген мейіргерлер мен медицина мамандары қатысты.

   Ұлттық госпитальдың мейіргерлік қызмет өкілдері белсенді қатысып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің аға мейіргері Күндыз Джексембаева сессия модераторы ретінде сөз алды.

   Онлайн форматта Ұлттық госпиталь мамандары баяндама жасады:

   – Анастасия Зорина – «Эмоциялық тұрақтылық пен кәсіби күйзелістің алдын алу»;

   – Сандуғаш Манабова – «Диагностикадағы жасанды интеллект: мейіргерлердің ЖИ жүйелерімен өзара іс-қимылы»;

   – Мадина Кенжебекова – «Мейіргерлік мәдениет жүрегінде: дәстүрден қазіргі стандарттарға дейін».

   Олардың баяндамалары жоғары бағаға ие болып, Ұлттық госпиталь мамандарының кәсіби деңгейін, инновацияға ашықтығын және мейіргерлік істі дамытудағы көшбасшылық рөлін айқындады.

   Секция тәжірибе алмасу мен сапа және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Международная научно-практическая конференция рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время