НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Мейірбикелерге арналған семинар

   ҚР Президенті іс басқармасы Медицина орталығының Ұлттық госпиталінде кіші медицина қызметкерлеріне «Науқастардағы қысым жарасының алдын алу және емдеудің заманауи тәсілдері» атты семинар ұйымдастырылды. Астана қаласындағы ҚР Президенті іс басқармасының Медицина орталығы ауруханасында жұмыс істейтін мейірбикелер Алматыға арнайы келді. Терапиялық қызметтің аға мейірбикесі Айгүл Рахимова, АРҚТ бөлімшесінің аға мейірбикесі Құндыз Жексембаева, кардиология бөлімшесінің аға мейірбикесі Ирина Внукова, эндокринология, паллитивтік көмек бөлімшесінің аға мейірбикесі Гүлнұр Күзенбаева сынды мамандар екі күн бойы Ұлттық госпитальдің аға мейірбикелерімен тәжірибе алмасты.

   – Бұл екі күндік курс маған үлкен тәжірибе болды. Науқастардағы қысым жарасының алдын алу жайлы бұрыннан білсем де енді оларды асқындырмай емдеу және заманауи тәсілдері туралы бірқатар мәліметтер алдым. Алдағы ауқытта да осындай курстарда күрделі жағдайдағы науқастарды күту, паллитивті көмекті ұйымдастырудың озық әдістері, науқастардың жақындарымен тиімді қарым- қатынас орынату жолдары, мейірбикелік құжаттарды дұрыс жүргізу секілді өзекті мәселелер жайлы үйренсек тиімді болар еді – дейді терапиялық қызметтің аға мейірбикесі Айгүл Рахимова.

   Мейірбикелер терапия, хирургия, реанимация бөлімшелерін аралап, меициналық құрал жабдықтарды көрді. Дәрігер мамандармен бірге науқастың үйіне барып, жағдайымен танысты. Екі күндік курста жаңа ақпараттарға қанығып, тәжірибелерін толықтырған мейірбикелерге арнайы куәліктер табыс етілді.

Семинар для медицинских сестер рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время