Науқастардың жанашыры дәрігерлердің жұмысы өте жауапты және ауыр. Олар да шаршау және алаңдаушылықты жиі бастан өткізеді. Біз Ұлттық госпитальдің психолог маманы Мәншүк Құрманбековамен осы тақырыпта сұхбаттасқан едік.
Медицина қызметкерлері күнделікті қандай қиындықтармен жиі кездеседі?
– Денсаулық сақтау саласындағы жұмыс үнемі cергек және тиянақты болуды, сондай-ақ зор жауапкершілікті қажет етеді. Қызметкерлер күн сайын белгілі бір ережелерді қатаң сақтап, күрделі мәселелерді шешеді. Ауруханада қалыптасқан басқару жүйелері ережелеріне бағынады. Мұның бәрі тұрақты ішкі шиеленіс пен эмоционалдық көңіл күйді тудырады. Күн бойы науқастарға жіті көңіл бөліп, әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ал кешке отбасына, демалысқа немесе өзінің ермек ісіне уақыт табуға тырысады. Бұл ырғақ көбінесе дененің табиғи ұйқысы мен қалпына келтіру циклін бұзады. Уақыт өте шаршау байқалып, мазасыздық күшейеді. Ал бұл эмоционалды шаршау қаупін арттырады.
Жұмысының жауапкершілікті талап ететінін сезіну қаншалықты маңызды?
– Әр адам өз еңбегінің жауапкершілікті талап ететінін түсіну аса маңызды. Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметкерлер күн сайын көптеген адамдарға көмектеседі, бірақ кейде олардың еңбегі, күш-жігері ескерусіз қалғандай сезіледі. Бұл мотивацияны азайтады және эмоционалдық күйзелісті арттырады. Үнемі рефлексия, аздаған және үлкен жетістіктерді талқылау, әріптестерге қолдау көрсету жұмысты жеңілдетуге көмектеседі. Адам жұмысының маңызды екенін сезгенде қиындықтарды жеңу және ішкі тепе-теңдікті сақтау жеңілдеу болады.
Шаршау мен мазасыздықты сезінген қызметкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Науқастарды қалай күтсеңіз, өзіңізге де солай қамқорлық жасаңыз. Демалуға, эмоцияларыңызды шығаруға және қалпына келтіруге арналған қысқа үзілістерге уақыт табыңыз. Тіпті кіші-гірім қадамдар серуендеу, тыныс алу жаттығулары, 10 минуттық тыныштық күйзелісті азайтуға психикалық саулықты сақтауға және жұмысыңыздан ләззат алуға көмектеседі.


