НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Иммунитетінізді әлсіретіп алмаңыз

   Адамның түрлі жұқпарлы ауруға, вирустарға төзімділігі оның иммунитетіне байланысты. Кейде оның әлсіздігінен адам жиі сырқаттанады. Иммундық жүйенің әлсіздігі бірнеше себептерге байланысты. Бұл жайлы Ұлттық госпитальдің кардиолог дәрігері Жазира Жақыпбайқызы Ақшаловадан сұраған едік.

   – Оларға стресстің жоғары деңгейі, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің аздығы, созылмалы аурулар (мысалы: қант диабеті, жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары, бронх демікпесі) вирустық инфекциялар, генетикалық факторлар және жас ерекшеліктері де кіреді (мысалы: қарт кісілер, балалар). Иммундық жүйе жас ұлғайған сайын табиғи түрде әлсіреуі мүмкін, бұл организмнің инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

   – Иммунитетке әсер ететін сыртқы факторлар: ауа- райының өзгеруі, температураның күрт төмендеуі, вирустық және бактериялық инфекциялардың таралуы және қоршаған ортаның ластануы. Көбінесе иммунитет күз және қыс маусымдарында төмендейді, себебі бұл уақытта адамдар көбіне жабық кеңістіктерде болады, яғни ауа – райының қолайсыздығына байланысты таза ауада көп серуендемейді, кеңселерде немесе уйде отырады, ал ол инфекциялардың таралуына қолайлы жағдай тудырады.

   Дәрігер иммунитетті көтеру үшін төмендегідей кеңестерді ұсынады.

  • Дұрыс және теңгерімді тамақтану: көкөністер, жемістер, протеиндер мен пайдалы майларды қосу;
  • Физикалық белсенділік: аптасына кемінде 150 минут орташа қарқындылықтағы жаттығулар жасау, 10 мың қадам жаяу жүру және бассейнге бару;
  • Сондай-ақ күййзелісті басқара білу: медитация, йога немесе тыныс алу жаттығуларын қолдану;
  • Дұрыс ұйқы: күніне 7-9 сағат ұйықтауға дағдылану;
  • Вакцинация: қажетті вакциналарды уақытында алу.
Не ослабляйте иммунитет рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время