Денсаулыққа арналған қарапайым кеңестер.
Біз Сізге ұсынамыз:
- Күн тәртібін сақтау, ақыл-ой және дене жүктемесі кезеңдерін кезектестіру. Сауатты қалыптасқан күн тәртібі жалпы көңіл-күйді жақсартуға ықпал етеді.
- Түнгі ұйқыны сақтау. Ересек адамға сергек ояну үшін орташа есеппен 7-8 сағат ұйықтау керек. Циркадтық ырғақтарға сәйкес түн ортасына 2 сағат қалғанда жату ұсынылады.
- Күн сайын 15 – 20 минут таңертеңгілік гимнастикамен айналысу, спорт залына, бассейнге, билерге немесе аптасына кемінде 3 рет басқа да белсенді демалыстарға бару.
- Таза ауада жиі болу, күніне 1-1,5 км жаяу жүру.
- Тәулігіне килограмм салмаққа 30 мл есебінен таза су ішу.
- Bir уақытта күніне кемінде 3 рет (+ 2 жеңіл тағам) тамақтаныңыз, тәттілерді, майлы тағамдарды, қуырылған, тұздалған, ысталған, маринадтарды шектеңіз. Кешкі ас тығыз болмауы тиіс. Соңғы тамақтану ұйқыға 2 сағат қалғанда ұсынылады.
- Зиянды әдеттерден бас тарту. Энергетикалық сусындарды сирек ішу.
- Стресстен және шамадан тыс шаршаудан аулақ болу керек. Оптимистік болуға тырысу, жағымды хоббилердің болуы.
- Өзінің қан қысымы көрсеткіштерін білу және бақылау (АҚ 140/85 мм сынап бағанынан артық емес), дене салмағы, бел шеңбері (әйелдерге 80 см-ге дейін, ерлерге 94 см-ге дейін), дене салмағы индексі (ДСИ нормада 19-дан 24,9 кг/м2 дейін), холестерин деңгейі (жалпы холестерин < 5 ммоль/л, төменгі және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер холестерині – ЛПНП 2,6 – 3,2 ммоль/л, ал ЛПВП > 1,45 ммоль/л), қандағы глюкоза (3,9-дан 5,5 ммоль/л дейін).
- Қажет болған жағдайда – бекітілген жері бойынша емханада Денсаулық мектебінің сабақтарына қатысу.


