НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Депрессия – қазіргі заманның ауруы

   Қазіргі заманғы әлем өмірдің жоғары қарқынымен, ақпараттың үлкен көлемімен және күйзеліспен сипатталады. Бұл психиканың тұрақсыздануына, шамадан тыс шаршауына, көңіл-күйдің өзгеруіне, алаңдаушылық және депрессиялық бұзылулардың қалыптасуына ықпал етеді. Бірақ, көңіл-күй мен депрессия – бұл ұқсас белгілері бар екі түрлі жағдай және оларды шешудің тәсілі түбегейлі өзгеше.

   Депрессия – адамның сезіміне, ойы мен әрекетіне әсер ететін психикалық денсаулықтың бұзылуы. Бұл жай ғана нашар көңіл-күй емес, маманның көмегін қажет ететін күрделі жағдай. Ол әртүрлі тәуелділіктердің қалыптасуына, жүрек ауруларына, қант диабетіне немесе жыныстық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Есептеулерге сәйкес, әлемнің ересек тұрғындарының 5% -ға жуығы депрессиядан зардап шегеді.

   Депрессия адам өмірінің барлық жақтарына, оның ішінде отбасындағы қарым-қатынасқа, достарымен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа теріс әсер етеді. Ол мектептегі үлгерімнің нашарлауына, жұмыстағы проблемаларға және тіпті өзіне-өзі қол жұмсауға да себеп болуы мүмкін. Депрессиялық эпизод кезінде адам күн сайын, кем дегенде екі апта және одан да көп уақыт бойы күйзеліске ұшырайды. Депрессиясы бар пациенттерге моториканың тежелуі тән, олар төсекте күні бойы жатып, қабырғаға бұрылып, кез келген сәтте жылауға дайын немесе өз ойларына батып, айналасында ештеңе байқамайды. Депрессиямен ауыратын науқастарда әдетте оларға қуаныш әкелетін оқиғаларға эмоциялық реакциялары болмайды, оларға істі бастау немесе аяқтау қиын, ойлау немесе назар аудару қабілеті төмендейді. Адамды патологиялық кiнә сезiмi, өзiнiң мардымсыз идеясы, өзiн-өзi зақымдау, өлiм мен өзiн-өзi өлтiру туралы қайталанатын ойлар алаңдатуы мүмкiн. Кей кезде ашуланшылыққа әкеледі.

   Депрессияға көбінесе қатты немесе ұзақ стрессті, физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты бастан өткерген, ішкі мүшелерінің ауыр аурулары бар адамдар ұшырайды. Бала кезіндегі қатыгез қарым-қатынас, жұмыссыздық, жақындарынан айрылу сияқты өмірлік күйзелістерді бастан кешкен адамдарда депрессия дамуының жоғары қаупі байқалады. Әйелдер ерлерге қарағанда депрессиядан жиі зардап шегеді, бағалау бойынша бүкіл әлемде жүкті әйелдердің 10% -дан астамы босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырайды. Темекі шегу, алкогольге немесе басқа да психоактивті заттарға тәуелділік депрессияның пайда болу қаупін арттырып, оның қайталануын тудыруы мүмкін.

   Депрессияның туындау қаупінің факторлары:

  • Жақын туыстарында осындай психикалық бұзылулар немесе өзіне-өзі қол жұмсау болған кезде ауыр тұқым қуалаушылық;
  • Анамнезде депрессия мен мазасыздық бұзылуларының болуы;
  • Ауыр, созылмалы, емделмейтін аурулардың, сондай-ақ нашақорлық пен маскүнемдіктің болуы;
  • Өмірлік қиын жағдайлар, әсіресе жалғыздық және әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі жағдайларында;
  • Әйел жынысы, өйткені әйелдерде өмірдің түрлі кезеңдерінде гормондық бұзылулар пайда болады;
  • Ауыр түнгі ауысымдар, жиі және алыс ұшулар және т.б. кезінде ұйқының бұзылуының ұзақ кезеңдері

   Медиктер көріністердің ауырлығына қарай жеңіл, орташа және ауыр депрессияны бөліп көрсетеді. Бұзылудың жеңіл және орташа түрі кезінде адам еңбекке қабілеттілігін сақтайды, бірақ оның өмір сүру сапасы айтарлықтай төмендейді. Ауыр түрдегі адамдар тіпті үйреншікті әрекеттерді де орындай алмайды, еңбек ету қабілетінен айрылады, өзіне-өзі қол жұмсауға да ұшырайды. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойға 18-25 жас аралығындағы жастар мен егде жастағы адамдар жиі келеді.

   Депрессиялық бұзылуларды емдеу және алдын алу.

   Депрессия диагнозын қою және емдеумен психологтар, психотерапевттер, невропатологтар айналысады (жүйке жүйесінің кейбір ауыруларын жоққа шығару үшін). Депрессиялық бұзылуларды түзетуге болады. Психотерапия мен дәрі-дәрмектік әдістерді, сондай-ақ соматикалық ауыруларды емдеуді қамтитын бірқатар тиімді емдеу әдістері бар. Профилактиканың қолданыстағы бағдарламалары депрессияның таралуын төмендетуге мүмкіндік береді, белгілерді тиімді бақылауға және жалпы психологиялық салауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі.

   Егер сіздің жақындарыңызда немесе әріптестеріңізде бір айдан астам уақыт бойы психологиялық күйзеліс белгілері байқалса, онда сыртта қалмаңыз, көмекті ұқыптылықпен ұсыныңыз немесе дәрігерге жүгінуге кеңес беріңіз. Қайғыға душар болған адамға жақын біреудің бар екенін білу маңызды.

   Өз бетінше не істеуге болады:

  • Бұрын көңіл көтеретін әрекеттерден бас тартпаңыз;
  • Достармен және туыстарыңызбенмен байланыста болыңыз;
  • Ең болмағанда қысқа серуендеу түрінде дене белсенділігін үнемі ұстап тұрыңыз;
  • Мүмкіндігінше тамақтану және ұйықтау режимін сақтаңыз;
  • Алкогольден бас тартыңыз немесе оны тұтынуды қысқартыңыз, есірткіні тұтынбаңыз, өйткені бұл депрессияны одан әрі ушықтыруы мүмкін;
  • Өзіңіздің жайсыз ойларыңыз туралы сіз сенетін адамдармен бөлісіңіз;
  • Медициналық маманнан көмек сұраңыз.

   Егер Сізде өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар туындаса немесе өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін деп ойласаңыз, онда Сізді жалғыз емес екеніңізді және осындай сезімдер көмек алған көптеген басқа адамдарда пайда болғанын есте сақтаңыз. Медицина қызметкерімен кейінге қалдырмай, кез келген жедел жәрдем қызметіне немесе дағдарыстық телефон қызметіне хабарласыңыз. Сізге міндетті түрде көмектеседі!

   Дәрігер-психотерапевт А.С. Ерасылова

Депрессия – болезнь современности

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время