НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Вирустық гепатиттер

   Вирусты гепатиттер туралы дәрігер-инфекционист Шағманова Сәуле Қажығалиқызы айтып береді.

   Вирустық гепатиттер бүкіл әлемде жаһандық проблема болып табылады.

   Вирустық гепатиттер – бауырдың зақымдануымен өтетін вирустық аурулардың үлкен тобы.

   В, Д және С гепатиті вирусын таратудың негізгі жолдары

  • жұқтырылған қанды құю;
  • жұқтырылған медициналық аспаптарды пайдалану;
  • гепатит вирусын жұқтырған адамның тұрмыстық керек-жарақтарын пайдалану (тіс щеткалары, майлықтар, ұстара);
  • жыныстық жол;
  • тік жол (жүктілік, босану, емшек емізу кезінде вирусты жұқтырған анадан балаға).

   Созылмалы вирустық гепатиттің симптомсыз өтетінін ескере отырып, В және С вирустық гепатитін ерте анықтауға жыл сайынғы профилактикалық тексерулер өзекті.

   Алдын алу

  1. Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен жанасудан аулақ болыңыз.
  2. Емдеу және диагностикалық емшараларды жүргізу кезінде бір реттік құралдардың пайдаланылуын қадағалаңыз.
  3. Кездейсоқ қорғалмаған жыныстық қатынастардан аулақ болыңыз.
  4. Есірткіні қабылдаудан бас тартыңыз.
  5. Ешқашан пирсинг пен татуировканы стерильді емес аспаптармен жасамаңыз.
  6. Салондар мен клиникаларға барған кезде бір реттік құралдарды тек сізге ғана қолдануға және басқаларға бермеуге назар аударыңыз.
  7. Зиянды әдеттерден бас тартыңыз.

   В гепатитінің алдын алудың ең перспективалы құралы – вакцинация.

Вирусные гепатиты рус

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время