Қазақстанда 12 сәуірде адам ғарышқа алғашқы ұшқан күні атап өтілетін Ғылым күні қарсаңында Ұлттық госпитальдің Инновациялар және білім беру орталығының басшысы Әсия Исаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің құрамына енді.
Ол Ұлыбританиядағы University of Sussex және «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша докторант. «Ғылым» санатында Forbes-тің «30 жасқа дейінгі 30 табысты қазақстандықтар» тізіміне кіреді, Хирша индексі – 5.


