НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ашық есік күні

   Қазақстанда урология және онкоурология салалары қарқынды дамып келеді. Дегенмен, несеп-жыныс жүйесі ісіктерінің таралу көрсеткіші өсіп жатыр. Бірақ жаңа технологиялардың арқасында осы аурудан қайтыс болатындардың саны едәуір азайған. Кейбір ресми деректер бойынша соңғы жиырма жылда елімізде несеп-жыныс жүйесі ісіктерінің таралуы шамамен 25%-ға артқан. Алайда өлім-жітім көрсеткіші 33%-ға төмендеді. Бұл ерте диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерінің нәтиежесі.

   ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі мен Қазақстан онкоурологтар қауымдастығымен бірлесіп 16-20 наурыз аралығында «Ашық есік» күнін өткізді. Ұлттық госпитальдің 3-хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айдар Бегалин бастаған уролог дәрігерлер науқастарды қабылдап, олардың шағымдарын тыңдады.

   – Ең жиі кездесетіндері — бүйрек, қуық және простата обыры. Бүйрек және қуық аурулары көбінесе 50 жастан асқан азаматтарда кездеседі. Алайда соңғы жылдары аурудың “жасарып”, 35–40 жастағы ерлерде кездесетіні алаңдатып отыр – дейді ҚазҰҒЗИ онкоурологиялық орталығының меңгерушісі, Қазақстан онкоурологтар қауымдастығының төрағасы Хусан Өмірзақов 2019 жылдан бастап КазОРҒЗИ-да жаңа технологиялар енгізіліп, 2025 жылы Sagebot SR–2000 платформасы арқылы алғашқы қашықтан операция жасалды. Нәтиежесі: операцияның дәлдігі жоғары және жарақат аз, қалпына келу уақыты қысқа.

   Дәрігерлер сондай-ақ ауру түрін анықтау үшін заманауи визуализация әдістері КТ, МРТ, ПЭТ-КТны қолданатындарын айтты.

   – Ең бастысы — 40 жастан асқан әрбір азамат профилактикалық тексеруден өтуді әдетке айналдыру қажет. Зиянды әдеттерден бас тартып, салмақты бақылап, белсенді өмір салтын ұстанған жөн. Ал егер несеп қан араласқан болса, ауырсыну немесе зәр шығарудағы өзгерістер байқалса, уақыт жоғалтпай дәрігерге жүгіну қажет. Мұндай жағдайда әрбір күн аса маңызды-дейді мамандар.

День открытых дверей 20 03 2026

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время