Әрбір қарт адам барынша ұзақ және белсенді өмір сүргісі келеді. Бiрақ жасы ұлғайған сайын олар бұрынғыдай белсенді бола аламайтынын сезеді. Көпшiлiгiмiз мұны қартықтың басталуы деп түсінеміз. Неге бұлай деген сауал туындауы заңдылық. Бұл процесс ғылыми тұрғыда саркопения деп аталады. Осы тақырыпта Ұлттық госпиталдің салауатты өмір салты дәрігері Флюра Смайылова былай дейді:
– Саркопения немесе миопения – бұл табиғи қартаю процесіне байланысты қаңқа бұлшық ет массасының біртіндеп, үдемелі жоғалуы. Бұл – гректің «саркс» (дене, ет) және «пения» (жоғалу, азаю, жетіспеушілік) деген сөздерінен алынған. Мұндай жағдай бұлшық ет функциясының төмендеуіне әкеледі және егде жастағы адамдардың өмір сүру салтына әсер етеді.
ДДҰ мәліметтері бойынша саркопения егде жастағы адамдардың мүгедек болуының басты себептерінің бірі. Өйткені бұлшық еттің массасы мен күші төмендейді. Олар: тез шаршау, жалпы әлсіздік, аяқтың әлсіздігі, тепе-теңдіктің бұзылуы, құлау және сүйек сыну қаупінің жоғарылауы, өзіне қамқорлық жасау қабілетінің төмендеуі.
Саркопения 40 жаста басталуы мүмкін, бірақ 60-65 жастан кейін қарқынды дамиды. Екі негізгі түрі бар: метаболизмнің жасқа байланысты өзгерістеріндегі бастапқы саркопенияда гормондар деңгейінің біртіндеп төмендеп, нәтижесінде нейрогуморальды және метаболикалық бұзылулар пайда болады. Саркопения әртүрлі факторлардың әсерінен пайда болады. Екінші саркопения кез келген жастағы науқастарда болуы мүмкін. Саркопенияны емдеу және дене тонусын сақтау үшін: физикалық белсенділік – бұлшық еттерге жаттығулар, тұрақты күш жаттығулары және аэробты жаттығулар керек. Бастапқыда жеңіл күш жаттығулары (гимнастика, гантель жаттығулары, қарсылық белдеулері) ұсынылып, ұзақтығын біртіндеп арттырады. Күнделікті серуендеу, жүзу, йога т.б өзіңізге ұнайтын нәрселер болуы керек. Ең бастысы – жаттығу жүйелі түрде болғаны жөн. Дұрыс тамақтану, ақуыздың жеткілікті болуы (ет, балық, сүт, бұршақ дақылдары) болуы, Д дәрумені, кальций және сау сүйектер мен бұлшықеттер үшін басқа да қоректік заттар болуы керек. Бастысы – денсаулықты бақылау қажет –дейді дәрігер Флюра Смайылова.


