НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Көл дәрі ішу- полипрагмазия

   Полипрагмазия – бір мезгілде тым көп дәріні (бес және одан да көп) қабылдау жағдайы. Ол көбінесе созылмалы ауруы бар науқастарда кездеседі.

   Полипрагмазия кейде қажетті, ал кейде қажетсіз болуы мүмкін.

Қауіпі неде:

  • дәрілердің өзара әсерлесу және жанама әсерлерінің қаупін арттырады;
  • емнің тиімділігін төмендетеді;
  • дәріні қабылдауда қателік жіберуге және жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін;
  • құлау қаупін күшейтеді;
  • есте сақтау мен ойлау қабілетіне (танымдық бұзылыстарға) теріс әсер етеді және тағы басқалар.

   Полипрагмазияның алдын алу жөніндегі кеңестер:

  1. Қолданатын барлық дәрілердің тізімін жүргізіңіз.
  2. Дәрілер туралы міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
  3. Артық немесе қажетсіз дәрілерді қабылдамаңыз.
  4. Дәрілердің өзара әсерін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
  5. Емді тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана өзгертіңіз.
  6. Жаңа дәрілерге мұқият болыңыз.
  7. Қажетсіз дәрілерді тоқтату мүмкіндігін дәрігермен талқылаңыз.
  8. Дәрігеріңіз ауысқан жағдайда, қабылдап жүрген дәрілер туралы толық ақпарат беріңіз.
Аспирин

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время