НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жүректің соғуына мән беріңіз

   – Қазіргі уақытта жүрек ауруларының статистикасы мамандарды кәдімгідей алаңдатып отыр. Елімізде жыл сайын шамамен 600 мың адамнан жүрек-қан тамыр аурулары анықталады. Соңғы жылдары науқастар саны артып барады. Осы ауру түріне шалдыққан жастардың қатары көбейген – дейді 95 жылдық тарихы бар Ұлттық госпиталдің кардиолог және функционалды диагностика дәрігері Айдана Лепесова.

   Айдана Сәрсенғалиқызы 2010-2017 С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ тәмамдап, 2020 жылға дейін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының резидентурасында білім алған. Оқу орынынан соң Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы көпсалалы ауруханада қызмет атқарған. 2022 жылдан бастап Ұлттық госпитальде жұмыс істейді.

   – Жүрек – адам өмірінің “қозғаушы” күші және ең маңызды ағза. Сондықтан да оны зерттеу, емдеу жолдары мені қатты қызықтырды. Сол себепті осы саланы таңдадым. Жүрек ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиялар, инсульт пен инфаркт. Адамдар көбінесе жүрек ауруына шалдыққанын байқамай қалады. Егер кеуде тұсының қысылуы, ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, тез шаршау, аяқ-қолдың ісінуі болса бірден дәрігерге қаралған жөн – дейді Айдана Сәрсенғалиқызы.

   Дәрігер сондай- ақ жүрек ауруының алдын алып, сақтық шараларына мән беру керектігін айтады. Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, қан қысымын бақылау, темекі мен ішімдіктен бас тарту – денсаулығыңыздың кепілі.

   – Дәрігер өмір бойы оқып, ізденумен жүруі тиіс. Мен үшін Халықаралық кардиология конгресс-семинарларына қатысып, білімімді жетілдіру маңызды. Болашақта Еуропаның жетекші кардиологиялық орталықтарында тәжірибе алмасуды армандаймын – дейді Айдана Лепесова.

Всемирный День Сердца

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время