НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Жас мамандар кеңесі

   2023 жылғы наурызда біздің госпитальда директор Асхат Браловтың бастамасымен кәсіби және ғылыми дамуға ұмтылатын белсенді және талантты дәрігерлердің бірлестігі – Жас мамандар кеңесі құрылды. Кеңес тәжірибе алмасу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және жас кадрлардың әлеуетін ашу алаңына айналды.

   2025 жылға қарай оның құрамында медицинаның түрлі бағыттарындағы 20 маман бар. Кеңес өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық қызметінің 95 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

   Госпитальдан:

  • Алмабаева Зарина Ержанқызы, нефролог дәрігер;
  • Әбілмәжінова Әлия Амангелдіқызы, дәрігер-клиникалық фармаколог;
  • Теменова Аслы Асафқызы, анестезиолог-реаниматолог дәрігер;
  • Рахметова Бибинур Хәкімғалиқызы, пульмонолог дәрігер.

   Төртеуі де біздің госпитальдің жас мамандар кеңесінің белсенді мүшелері. Олар жоғары кәсібилікті, көшбасшылық қасиеттерді және отандық медицинаны дамытуға ұмтылысты көрсетеді.

   «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Ресей Федерациясы) Әлия Әбілмәжінова госпитальдің клиникалық және ғылыми қызметіне халықаралық тәжірибені табысты енгізуде. Рахметова Бибинур – «ANaMed Forum – New Generation 2025» халықаралық форумының III орын жүлдегері, жоғары ғылыми әлеуеті мен зерттеу белсенділігін растады. Зарина Алмабаева мен Аслы Теменова кәсіби біліктіліктерін кеңейтіп, заманауи тәсілдер мен инновациялық шешімдерді тәжірибеге енгізе отырып, шетелдік тағылымдамадан өтті. Жас мамандардың беделді ғылыми іс-шараларға қатысуы Кеңестің зерттеулерді, инновацияларды ілгерілетудегі және госпитальдің беделін нығайтудағы белсенді рөлін көрсетеді.

Совет молодых специалистов

This will close in 15 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время