2025 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі өзінің 95 жылдық мерейтойына орай Ашық есік күнін өткізді.
Шара 16:00-18:00 аралығында Ұлттық госпитальдің емханасында ұйымдастырылып, Алматы тұрғындарына тегін кеңес алу, тексеруден өту және заманауи емдеу тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Іс-шараға хирургия, нейрохирургия, травматология және ортопедия, сондай-ақ кардиоваскулярлық орталықтың тәжірибелі дәрігерлері қатысты. Ашық есік күніне келгендер өз денсаулығына қатысты кәсіби кеңес алып қана қоймай, емдеу бөлімінде көрсетілетін қызметтің артықшылықтарын да білді.
Көпшілік дәрігерлердің жауапкершілігін, біліктілігін және науқастарға деген ықыласын ерекше атап өтті
Ұлттық госпитальдің 95 жылдығына арналған бұл шара халықтың денсаулық мәдениетін көтеруге, аурудың алдын алуға және сапалы ем-шараға деген сенімді нығайтуға бағытталды.
Ұлттық госпиталь алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, халыққа қолжетімді әрі жоғары деңгейдегі дәрігерлік қызмет көрсетуді көздейді.


