Жыл сайын мыңдаған қарт адам үйінде құлап, жарақаттанып, қолы мен аяғы, жамбас сүйегі, омыртқалары сынады. Құлау көбінесе тұрмыста аса мән берілмейтін жағдайлардан болып жатады. Сондықтан олардың алдын алып, салдарын жою керек.
Әрбір бөлмедегі еденнің беті тегіс, бірақ тайғақ емес болуы тиіс.
Үйде жоғары қуатты, жарық шамдарды пайдаланыңыз. Флуоресцентті шамдар үнемірек және жақсы жарықтандырады. Үйде жүріп-тұру ыңғайлы болуы керек. Өтетін жолдарын босатып, қажет болған жағдайда біреуден жиһаздың орнын ауыстыруды сұраңыз Қарт адамның жүру жолында еденнен барлық бөгде заттарды (аяқ киім, жануарлардың ыдыстарын, сөмкелер, қораптар, сымдар және т.б.) алып тастаңыз. Ең жиі пайдаланылатын заттарды төменгі сөрелерге қойыңыз. Едендегі сырғанайтын кілемшелерді алып тастаңыз немесе оны еденге мықтап бекітіңіз. Кереуеттің биіктігін тексеріңіз. Матрастың жоғарғы шеті отыру және тұруға оңай болуы үшін тізе деңгейінде болуы тиіс. Көзілдірік, дәрі-дәрмек, су, телефон, сағат, кітап, газет сияқты барлық қажет заттар қол жететін ыңғайлы жерде болуы керек.
Қарт адамдар өз бетінше не істемегені дұрыс?
Асханадағы биік үстіңгі сөрелерден, биік ілінген шкафтардан заттарды өзі алмаған дұрыс. Артқы жағы жоқ аяқ киімді киіп жүру, олардың құлау қаупін арттырады және ондай аяқ киім сырғып кетеді. Баспалдақтар мен орындықтарға өз бетімен көтерілуге болмайды.
Құлау қауіпін азайтып, денсаулықты сақтау жөніндегі кеңестер:
Дәрігеріңізбен кеңесіп, қабылдайтын барлық дәрілеріңізді қарап шығуын сұраңыз. Олардың кейбіреулері ұйқы шақырып немесе әлденеге назар аударуды төмендетуі мүмкін. Көру қабілетіңізді жылына кемінде бір рет тексеріңіз. Нашар көру құлау қаупін арттырады.
Қосымша ұсыныстар:
Үйдегі әрбір телефонның жанына шұғыл қызметтердің нөмірлерін тіркеңіз.
Телефон аппаратын еденге жақын орнатыңыз, құлаған кезде көтеріле алмайтын болсаңыз оған оңай жетуіңіз қажет. Егер құлап, тұра алмайтын болсаңыз, ұялы телефоннан дабыл белгісін беруді үйреніңіз. Өзіңізді емдейтін дәрігердің, жақын туысқандарыңыз бен достарыңыздың аттары мен телефон номерлерін жазып, қол жетімді жерде сақтаңыз.