Беделді «ANaMed Forum – New Generation – 2025» халықаралық форумы аясында ҚР ПІБ Ұлттық госпиталінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Әбілхас Асылжан Әкімханұлы ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰМУ профессоры Сугралиев А.Б. жетекшілігімен жасалған, ауыр жағдайдағы науқастардағы өкпе артерияларының тромбоэмболиясын диагностикалау мәселесіне арналған жеке зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Баяндама «Халықаралық ұсыныстарды жасаудағы мультиорталық зерттеулер мен тіркелімдер» секциясында ұсынылды, онда жаһандық деңгейдегі ауыр науқастарды жүргізуге көзқарастарды біріктіру жолдары талқыланды және аудиторияның қызығушылығын тудырды.
⠀ Біздің мамандардың осындай іс-шараларға қатысуы тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және халықаралық клиникалық стандарттарды қалыптастыруға ықпал етеді.