Ортопед-травматолог Асхат Қабдешов Қазандағы жоғары технологиялар білім беру орталығында «Тізе буынының артроскопиялық хирургиясы бойынша алдыңғы қатарлы кадаверлік курстар» тағылымдамасынан өтті. Бұл орталық 15 жылдан бері мамандарды диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне үйретіп келеді, бұл ретте пысықтау кадаверлік сегментте жүргізіледі, бұл медицинада өте маңызды.
Тізе буынының артроскопиясы – бұл терінің 2-3 тесігінің көмегімен тізе буынының жарақаттары мен ауруларын хирургиялық тексеру мен емдеудің қазіргі заманғы аз инвазивті әдісі, содан кейін пациентке бірден аяғына тұруға рұқсат етіледі. Осы уақытқа дейін Ұлттық госпитальде мұндай операциялар жүргізілген жоқ. Табысты тағылымдамадан кейін дәрігер екі рет араласты, қажеттілігіне қарай осы заманауи әдістемені жалғастыру жоспарда бар.