Тамақтан улану – микробтар мен токсиндерден немесе зиянды заттар мен бүлінген тағамды жегеннен кейін пайда болатын жедел ауру. Бұл жайлы 95 жыл тарихы бар Ұлттық госпитальдің жедел жәрдем бөлімінің дәрігері Ержан Болатбекұлы Өтешов тағамнан улану жайлы төмендегідей мағлұматты ұсынады.
Жіктелуі: Микробтық: токсикалық инфекциялар – тірі микробтар тудыратын аурулар.
Токсикоз: тағамда түзілетін токсиндермен улану.
Микотоксикоз: саңырауқұлақ токсиндерімен улану.
Микробтық емес: Химиялық, саңырауқұлақтармен, жидектермен және өсімдіктермен улану. Жануарлардың токсиндері — дейді дәрігер Е.Б.Өтешов. Маман сондай-ақ тамақтан уланудың себептерін мен белгілері жайлы да түсіндіріп берді.
Уланудың ең көп тараған себептері:
Бұзылған тағамды жеу, сақтау мерзімі мен шарттардың бұзылуы, термиялық өңделмеу, асханада санитарлық нормалардың бұзылуы, азық-түліктің кеміргіштермен, жәндіктермен ластануы, науқас адамдардың тамақ дайындауы.
Тамақтан уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
Жылы су немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісін қолданып, асқазанды шаю. Белсендірілген көмір, энтеросгель, смекта секілді сорбенттерді қабылдау, регидрон ерітіндісі немесе таза су секілді сұйықтықты көп ішу керек. Зардап шегушіні жатқызып, оның жағдайын бақылау қажет, дене қызуы көтерілсе, құрысу немесе сусыздану белгілері болса жедел жәрдемге жүгінген жөн –дейді дәрігер Ержан Болатбекұлы.