Көзіңіздің саулығы үшін ең алдымен дұрыс тамақтаныңыз. Рационда көкөністер мен жемістер болуы керек. Қалыпты салмақты сақтаған жөн. Таза ауада серуендеп, зиянды әрекеттерден аулақ болған дұрыс. Шылым шегу катарактаның пайда болуын, тордың патологиясының және көздің тамырларының бұзылуының дамуына ықпал етеді. Маусымға байланысты ультракүлгін сәулелерден жақсы қорғайтын көзілдіріктерді қолданыңыз. Түрлі құралдар мен компьютермен жұмыс істеу барысында сақтық шараларына назар аудару керек. Ең бастысы – дәрігерге жүйелі түрде қаралып тұру керек дейді Ұлттық госпитальдің офтальмолог дәрігері Орынгүл Шәкірбекқызы Таева.
Орынгүл Шәкірбекқызы Қазақстан-Ресей медициналық университетін 2011 жылы тәмамдаған. Мамандығы бойынша қызмет етіп келе жатқан дәрігер өз саласы бойынша жинаған біраз тәжірибе жинақтаған. Офтальмология – көздің құрғауы немесе тітіркенуі сияқты жанама әсерлерден туындайтын катаракта, глаукома және ретинальды дегенеративті аурулар сияқты әртүрлі көз ауруларының алдын алу, емдеу шараларын жүзеге асыратын сала. Сондай-ақ мамандар медициналық тексерулер жүргізумен қатар хирургиялық операциялар жасап, оңалту шараларын тағайындайды.
-Офтальмологпен үнемі профилактикалық байланыста болу, көздегі мәселелерді ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. Баладан бастап, қарт адамдарға дейін смартфон мен компьютерге тәуелді дәл осы кезеңде дәрігерге жиі тексеріліп тұруды әдетке айналдырған жөн – дейді офтальмолог Орынгүл Шәкірбекқызы.