2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында Бухарестте (Румыния) Еуропалық балалар жұқпалы аурулары қоғамының (ESPID 2025) 43-ші жыл сайынғы конференциясы өтті.
Инновациялар және білім беру орталығының бастығы Әсия Исаева конференцияға «Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде туберкулезден болатын өлім-жітімді салыстырмалы талдау» тақырыбында постерлік баяндамамен онлайн-форматта қатысты.
ESPID (Еуропалық балалар жұқпалы аурулар қоғамы) – дүние жүзінің жетекші қалаларында жыл сайын өтетін беделді халықаралық конференция. Ол балалар жұқпалы аурулары саласындағы мамандарды біріктіреді, озық ғылыми білімдерімен алмасуға, өз зерттеулерін ұсынуға және халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. ESPID-қа қатысу – кәсіби өсуге, ғылыми беделге және үздік әлемдік тәжірибелерді клиникалық қызметке енгізуге үлес қосу болып табылады.