НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

28 сәуір – Желдам медициналық көмек қызметкерлерінің күні

   Ұлттық госпитальдің жедел медициналық көмек бөлімінің бригадасының есебінде – мыңдаған құтқарылған өмірлер бар. Екі бригада ауысымдық жұмыс істейді, тәулік бойы бекітілген контингентке және сонымен қатар төлемді негізде қызмет көрсетеді.

   Дәрігер Улан Тұрсынбаев мұнда 24 жыл жұмыс істейді, ал оның жедел медициналық көмектегі жалпы стажы – шамамен 30 жыл.

   — Біз түрлі жағдайларға тап боламыз: жолдарда «жедел медициналық көмек» көлігінің қозғалысына кедергі келтіретін тығындар, науқасты тез арада және уақытында ауруханаға жеткізу қажет, кейде оны цоколь бөлмесіне немесе жоғарғы қабаттан төмен түсіруге тура келеді. Бригадада әйел дәрігерлер де бар, бұл өте ауыр еңбек, — дейді дәрігер. — Жедел жағдайларда дәрігерге өмірді сақтау үшін жалғыз дұрыс шешім қабылдау маңызды. Жұмыс тәжірибесі мен білімі мол адамдар науқасты қараған кезде аурудың сыртқы белгілері бойынша (мысалы, инсульт, инфаркт, өкпе ісінуі) диагноз қояды, жарақаттың сипатын, қандай асқынулар болуы мүмкін екенін түсінеді.

   — Демалыс күндерінен кейін күштеріңді қалай қалпына келтіресіңдер?

   — Фитнеспен айналысамын, оқуды, жақсы телебағдарламаларды көруді, қалада серуендеуді жақсы көремін.

   — Желдам медициналық көмек дәрігері қандай қасиеттерге ие болуы керек?

   — Тез шешім қабылдау, жылдам және тыныштықпен әрекет ету, эмоцияларды өшіру қабілеті.

   — Қай науқастар ең көп есте қалды?

   — Мүмкін, клиникалық өлімнен қайта тірілгендер. Бір жағдайда мен жұмысқа шығып, вокзалда тұрған едім. Көз алдымда жол-көлік апаты болды. Мен жүгіріп бардым, жүргізушіні қарап шықтым. Көкірек қуысының күйік жарақатынан жүрек аймағында аритмия басталды, ол клиникалық өлімге әкелді. Жанында тағы бір дәрігер болды, біз жүргізушіні жерге жатқызып, «жедел медициналық көмек» бригадасы келгенге дейін жандандырдық. Кейін оның тағдыры туралы білдік. Жігіт тірі қалды және үйіне шығарылды.

   Бөлім меңгерушісі Нұрсейіт Мәдеубековтың айтуынша, бригадалар үшін тәуліктік жүктеме 10-нан астам шақырудан тұрады, қыс мезгілінде, әсіресе, қарт адамдар арасында жарақат алу қаупі артады. Көктем-жаз мезгілінде артериялық гипертензия, инсульт пен инфаркт қаупі бар науқастардың саны артады. Диспетчерлік қызмет шақыруларды жіктеп жібереді: алғашқы үшеуін жедел қызмет, төртінші категорияны – госпитальдің поликлиникалық қызметі қамтамасыз етеді.

День работников «скорой помощи»

This will close in 20 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время