Бөлімше JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, ерте анықталған жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейді және олардың профилактикасын жүргізеді. Сондай-ақ,пациенттерге еуропалық профессорлармен телекеңесу мүмкіндігі беріледі.
Диагностика және емдеу әдістері жетекші Жапон, Неміс, Американдық және Корей өндірушілерінің PREMIUM класс жабдықтарында жүзеге асырылады. Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің сенімділігі мен жылдамдығы бойынша көшбасшы болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көпсалалы зертханасында орындалады.
Пациенттер қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады. Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.
ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК
Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время