НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Өз күшіммен ақталдым

   Мәрзия Аңсағанқызы Болатова 1996 жылдан бері Президент іс басқармасы медицина орталығының Ұлттық госпиталінде санитар болып еңбек етеді. Желтоқсан оқиғасының ардагері сол кезде емделуге келіп, қызмет атқаруға ұсыныс түскен соң бас тартпаған. 1986 жылы Алматы сәулет құрылыс институтының екінші курсында оқып жүрген Мәрзия Аңсағанқызы 17-желтоқсан күні өзге жастармен бірге алаңға шыққан. Ән айтып, өзара әңгімелесіп алаңсыз тұрған жастарды кешке мезгілде ыстық су шашып, алаңнан қуады.

   Жан-жаққа қашқан қыз-жігіттер мұзға тайып құлап жатады… Байсейітова көшесімен төмен түісіп бара жатқан екі жігіт пен Мәрзияны қуып жеткен арнайы жасақ әскерлері тепкілей бастайды. Жас қыздың екі қолын керзі етікпен басып, жаншығаннан қолдары сынады. Сүйреп апарып, көлікке салып, тергеу изоляторына қамайды. Жастардан ойдағыдай жауап ала алмаған соң қала сыртындағы қоқыс төгетін аймаққа апарып тастайды. Аман қалғандары бір-бірін сүйемелдеп, әзер дегенде қалаға оралады. Одан кейін оқудан шығарылып, қуғын сүргіннен көз ашпаған Мәрзия Аңсағанқызы Жамбыл облысына барып тұрақтайды. Балабақшаға жұмысқа орыналасып, 10 жыл жұмыс істейді. Денсаулығына байланысты 1996 жылы Алматыға оралады. Сырқаттанып жүрсе де Қаскелеңдегі педагогикалық училищені тәмамдайды. Жазықсыз жабылған жаладан ақталу үшін әрекер еткен қайсар қыз өзі мұрағаттардан құжаттарын жинап, 2016 жылы ақталып шығады.

   -Өткенге салауат. Денсаулығымды беріп, жас өмірімнің тас -талқаны шықса да ешқашан өкінген емеспін. Сол кездегі жастардың қайсарлығы мен батылдығы тарихта қалды. Әділдік орнады. Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тек тұғырлы болғай – дейді желтоқсан ардагері Мәрзия Болатова.

Оправдана собственными силами

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время