НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлыбританиядағы «Болашақ» бағдарламасының түлегі

   Ұлттық госпиталь емханасының клиникалық менеджері, 49 ғылыми жарияланымның авторы Әсия Исаева Британдық Брайтондағы беделді Сассекс университетінің менеджмент магистрі дипломын алды, онда әлемнің 140 елінің студенттері білім алуда. Университетте ол «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алып, студенттердің 10% қатарына енді. Бұған дейін ҚазМУ мен ҚазҰУ-де оқып, жалпы медицина және денсаулық сақтау менеджменті бойынша диплом алған. Оның 8 ғылыми жұмысы Scopus бірыңғай әлемдік реферативтік базасында орналастырылған. Сондай-ақ, Әсия Исаева Канада, Швейцария, Оңтүстік Африка және Португалияда баяндама жасады.

   – Менің ғылыми жұмыстарым Қазақстандық медициналық мекемелерді халықаралық аккредиттеудің маңыздылығы және еліміздегі инфекциялық аурулар эпидемиологиясы тақырыбына қатысты болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан туберкулезден болатын өлім-жітіммен күрес бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді, ол ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда шамамен 40% -ға төмендеді. Шетелдік әріптестерімізге оны өздерінде қолдану үшін біздің тәжірибеміз маңызды, – деп атап өтті Әсия Исаева.

Выпускница программы «Болашак» в Великобритании каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время