НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ұлттық госпиталь МЦ УДП РК ANaMed Forum – New Generation 2025 форумында

   2025 жылғы 4–5 маусымда «ANaMed Forum – New Generation 2025» халықаралық форумы өтеді, оны С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті өзінің құрылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырады. Форумға 20-дан астам елден 1500-ден астам қатысушы жиналады. Ол академиялық қауымдастықтарды, зерттеушілер мен жас ғалымдарды денсаулық сақтау саласындағы білім, тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасуға біріктіруге бағытталған. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ғылыми және шығармашылық қызметке ынталандыру және шабыттандыру.

   Ұлттық госпиталь қызметкерлері өзекті медициналық тақырыптар бойынша баяндамалар жасайды:

  • Зорина А.Л. — Медициналық персоналдың мотивациясы және кәсіби өсуі: менеджменттің рөлі
  • Рахметова Б.Х. — Өкпе бронхоэктазиялық ауруы. Клиникалық жағдай
  • Мырзаев Ж.Т. — Қант диабеті полинейропатиясы және ауырсыну синдромдарында жұлынның стимуляциясы
  • Исаева А.М. — Денсаулық сақтау аккредитациясының сапа мен нәтижелерді жақсартуға әсерін зерттеу: Қазақстан мысалында
  • Абилхас А.А. — Критикалық науқастарда ТЭЛА диагностикасындағы қиындықтар
  • Өтен А.Ж. – Гинекология саласындағы аудармаларда қолданылатын терминдердің дәлдігі

   Сонымен қатар, госпиталь базасында 5 маусымда «Халықаралық ұсыныстарды жасаудағы мультиорталық зерттеулер мен тіркеулердің маңызы» секциясы өтеді.

Национальный госпиталь МЦ УДП РК на ANaMed Forum – New Generation 2025 рус

This will close in 5 seconds

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время