Делегация құрамында Хасен Әжібекұлы Дасибеков, Асқарбек Бәкітұлы Сқақов, Асхат Қабдешұлы Қабдешов сынды білікті дәрігерлер болды.
«TURAN & TURAN HEALTH» клиникасының негізін қалаушы Dr. Кайхан Туран Стамбул университетінің медицина факультетін тәмамдаған. Кәсіби білімін Улудаг университеті медицина факультетінің ортопедия және травматология бөлімінде жалғастырып, Чикагодағы Солтүстік-Батыс Университетінің медицина мектебінде ортопедиялық хирургия бөлімінде интернатураны аяқтаған. Dr. Кайхан Туран –Түркияда тізе және жамбас буындарын роботты протездеу операциясын жасаған алғашқы ортопед- хирург.
Тәжірибелі маман бүгінгі күнге дейін тізе және жамбас буындарының 3 000-нан аса роботты артропластикасын жасаған.
Түрік медициналық қауымдастығының , Америка ортопедиялық хирургтар қауымдастығының, Солтүстік Америка артроскопиялық қауымдастығының, Халықаралық бірлескен реконструкция конгресінің және Түрік ортопедия және травматология қоғамының мүшесі. 2022 жылы «Turan & Turan Health» клиникасын халықаралық оқу орталығы ретінде аккредитациялапты. Осылайша өзінің білімі мен тәжірибесін шет елден келген әріптестерімен бөлісуді жолға қойған.
– Біз Кайхан Тұранмен бірге робот көмекшінің жәрдемімен кесу кезінде 0,1 см-ге дейін қателік беретін 5 операция жасадық. Тәжірибе жинап, операция жасау техникасын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар науқастарды операциядан кейінгі кезеңнен тезірек сауығып кететін жағдайға жеткізу үшін мол тәжірибе жинақтадым.
Осындай іс сапарлар әсіресе белгілі бір елдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасу үлкен жетістік – дейді Асхат Қабдешұлы. Делегация мүшелері сапар барысында заманауи жабдықталған клиниканы аралап, жұмыс барысымен, медициналық құрал-жабдықтармен, науқастарға қызмет көрсету сапасымен толық танысып қайтқан.