НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Үсік шалу деген не?

   Үсік  — ағзаның  жұмсақ тіндерінің суықтан  зақымдануы. Үсік қыста ауа температурасы -1-тан төмен болған кезде болады, бірақ кейде температура 0 градус болса да адам суықта жарақат алуы мүмкін. Үсік дененің ашық жерлеріне  құлақ, мұрын, бет немесе нашар қорғалған аяқ-қолдар, әсіресе саусақтарға әсер етеді. Көбінесе үсік дененің жалпы гипотермиясына байланысты.  Бұған көшеде ұзақ уақыт жүру, әсіресе жоғары ылғалдылық пен қатты жел, қозғалмай тұру, қолайсыз ауа-райында  ұзақ жүру. Жүрек немесе қан тамырлары патологиясы  адамдар,  ішімдік ішу немесе басқа да интоксикация, иммунитеттің төмендеуі, шамадан тыс ауыр жұмыс,  қолайсыз аяқ киім мен киім де үсікке шалдығуға себеп болады. Ұлттық госпиталдің СӨС дәрігері Флюра Смайылова гипотермия мен үсік шалудың алдын алу үшін төмендегі кеңестерді ұсынады:

   Аязды немесе желді ауа райында серуендеуге шығудың қажеті жоқ.

   Ауа-райына қарай киіну керек. Бір қабатты киімнен гөрі қалыңырақ, бірақ ыңғайлы киім  киген дұрыс.  Қабаттар арасында жылуды жақсы сақтайтын ауа болады . Мойын орағыш, жылы қалпақтарды мен қолғаптар болған жөн. Аязды күні мұрныңызды, бетіңізді, иегіңізді орамалмен орап алғаныңыз абзал. Ылғал киіммен далаға шықпаңыз. Егер сіздің киіміңіз дымқыл болса, мүмкіндігінше тезірек құрғақ киімге ауыстырыңыз. Аяқ киімді аязда ұстауға болмайды, себебі  олар ісінеді және  қайтадан кию мүмкін болмайды. Суықта темекі шегу аяқ-қолды әлсіздендіреді, өйткені никотиннен қан тамырлары түйіліп, қолдар мен аяқтардағы қан айналымы баяулайды. Қолыңызға және бетіңізге ылғалдандыратын иісмайлардан  гөрі  майлы, нәрлендіретіндерін  пайдаланған дұрыс. Дәрігер сондай-ақ металл әшекейлерді суықта тағу дененің осы бөлігінің үсік шалу қаупін арттыратынын айтады.

Что такое обморожение каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время