Қазан айында бүкіл әлем бойынша «Қызғылт қазан» жаһандық бастамасы өтіп жатыр. Ол сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыруға, оның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге арналған. ДДҰ деректері бойынша әлемде жыл сайын 43 250 әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 5000-ға дейін сүт безі обырымен ауыратын науқас тіркеледі, 1200-ге дейін әйел қайтыс болады. Алайда, ісік процесін дер кезінде диагностикалау және анықтау кезінде бүгінгі таңда 95% жағдайда өмірді сақтап қалуға болады.
Ұлттық госпиталі«Қызғылт қазан» акциясы аясында онколог-маммолог Арай Тойбаева демалыс күндері 11 науқасты тегін қабылдады. Олардың бірнешеуінде ол мастопатия мен фиброаденоманы анықтады.