Бұл – ерлердің несеп-жыныс жүйесінің ең көп таралған онкологиялық ауруларының бірі. Қуық асты безі қуықтың астында орналасады және уретраның бастапқы бөлігін жабады. Ол көбінесе 50 жастан асқан ерлерде болады және барлық қатерлі ісіктердің ішінде өкпе мен асқазан ісіктерінен кейін екінші орында. Соңғы жылдары оның «жасаруы» және патологияның жиі кездесуі байқалады. Сондықтан денсаулығыңызға қамқорлық жасау, уақтылы алдын алу және диагностикалау обырдың даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
Қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалау және емдеумен урологтар және онкологтар айналысады. Ұлттық госпитальдің мамандандырылған медициналық көмек бөлімшесінің уролог дәрігері А.Т Әлиев бұл аурудың пайда болау жайлы былай дейді: Нақты себептер әлі толық зерттелмеген, бірақ бірнеше қауіпті факторлар бар. Ер адамның жасы, (неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жоғары болады), ауыр тұқым қуалаушылық (әкесінде және жақын туыстарында қатерлі ісіктің болуы), қуық асты безіндегі созылмалы қабыну процесі.
Дәрігер майлы тағамды көп және көкөністер мен жемістерді аз пайдалану, зиянды әрекеттер(темекі шегу, ішімдікті шамадан тыс пайдалану) және жасқа байланысты гормоналды өзгерістердің себебінен де ауру пайда болатынын айтады. Аурудың бастапқы кезеңдерінде қуық астының қатерлі ісігі аса қатты байқалмайды. Алайда, кейде ер адамды төмендегідей жағымсыз әсерлер мазалайды. Зәр шығарудың қиындауы, несептің әлсіреуі немесе үзіліс болуы, жиі, әсіресе түнде зәр шығару, қуықтың толық босамауы, эрекцияның төмендеуі, перинейде, жамбас аймағында ауырсыну немесе ыңғайсыздықтың болуы және зәрде, ұрықта қанның пайда болуы. Егер осы белгілер болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Ауруды анықтаудың диагностикалық әдістер: PSA үшін қан анализі, цифрлы ректалды тексеру, қуық асты безін анус арқылы тексеру, трансректалды УДЗ, қажет болған жағдайда қуық асты безінің биопсиясы тағайындалады. Қуық обырын ерте диагностикалау үшін ең бастысы – PSA және оның фракцияларына қан сынағы. Бүгінгі таңда PSA «дабыл шегі» 3 нг/мл деңгейінде. Айта кету керек, PSA простатитпен, простата аденомасымен және органмен әртүрлі манипуляциялардан кейін (қуықтың катетеризациясы, қуық асты безінің биопсиясы, массаж және т.б.) жоғарылауы мүмкін – дейді уролог дәрігер Артур Әлиев. Сондықтан PSA жоғарылауының әрбір жағдайын тексеру қажет. Тұрақты профилактикалық тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және оны тиімді емдеуге көмектеседі. Емдеу аурудың сатысына және науқастың жалпы жағдайына байланысты жүргізіледі. Оларға мыналар жатады: қуық асты безін хирургиялық алып тастау, сәулелік терапия, гормондық терапия, химиотерапия. Есте сақтайтын маңызды нәрсе – емдеудің заманауи әдістері осы аурумен күресуге мүмкіндік береді. Қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтудың ең басты шарасы – алдын алу.
Әрбір ер адам қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайту үшін мынанда қарапайым нұсқауларды орындауы керек: дұрыс тамақтану, көкөністерді, жемістерді және дәнді дақылдарды тұтынуды көбейту, майлы және қуырылған тағамдарды шектеу, ас мәзіріне омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарды (теңіз балығы, теңіз өнімдері, зығыр майы) қосу, ішімдік ішуді тоқтату, энергетикалық сусындардан, тәтті газдалған сусындардан аулақ болу. Белсенді қимыл, қозғалыс, велосипед, тренажерлар, жүзу және дене жаттығуларының басқа түрлері жамбас бұлшықеттерін нығайтады және қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі. Күнделікті 20-30 минут дене шынықтыру жаттығулары қан айналымын жақсартады және иммундық жүйені нығайтады. Дені сау тұрақты жұппен ғана қауіпсіз жыныстық қатынаста болыңыз. Сондай-ақ дене салмағын бақылау қажет. Артық салмақ қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Дене салмағының индексін бақылаңыз, оны 19 – 24,9 кг/м2 диапазонда ұстау керек . 50 жастан кейін тұрақты профилактикалық тексерулерден өту керек. Егер сіздің жақын туыстарыңыздың кез-келген локализацияның қатерлі аурулары болса, тексеруді ерте бастау керек. Қандағы холестерин, глюкоза және зәр қышқылының деңгейін бақылаңыз -дейді уролог Артур Әлиев
Есіңізде болсын, сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда! Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Ерте жасалған диагностика өміріңізді ұзартады.