Ауырудың негізгі себебі – глюкоза алмасуының бұзылуы. Диабет кезде глюкоза дене тіндеріне сіңе алмайды, сол себептен оның қандағы концентрациясы бірнеше есе өседі. Бұл жағдай гипергликемия деп аталады. ДДҰ сарапшыларының деректері бойынша қант диабеті жер бетінде ең көп таралған аурулардың бірі. Шамамен халықтың 6% диабетпен ауырады және жыл сайын саны артып келеді.
1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен ДДС ұйымы канадалық дәрігер және физиолог Фредерик Бантингтің туған күніне орай 14- қарашаны Дүниежүзілік диабетпен күрес күні деп белгіледі. Ол 1922 жылы Чарльз Бестпен бірге инсулин гормонды ашты. Бұл жаңалық Бүгінге дейін әлемде мыңдаған адамның өмірін сақтап келе жатыр. Ұлттық госпитальдің эндокринолог дәрігері Әсем Серікқанқызы Ибраева: Халықаралық диабет федерациясының деректері бойынша, 2024 жылы әлемде қант диабетпен ауыратын науқастар саны 463 миллионнан асқан. Әсіресе, 2-типті ҚД 85% -ға жеткен, оның ішінде жасы 40 тан асқан адамдардың саны басым екен. ХХ ғасырдың соңында 2 типті ҚД тіпті жастар мен жасөспірімдерде де кездесе бастады дейді .
Қант диабетінің екі типті түрі бар. Біріншісі инсулинге тәуелді ҚД, немесе ұйқы безімен бөлінетін инсулин тапшылығымен өтетін ауыру. Диабеттің бұл түрімен жас балалар мен жасөспірімдер ауырады. Екіншісі инсулинге тәуелді ҚД немесе «ересектердің диабеті» деп аталады. Ол ұйқы безінің инсулин секрециясының бұзылуынан және организм жасушаларының инсулинге сезімталдығының төмендеуінен пайда болады. Бұл да гипергликемияға әкеледі. Екінші типті диабеттің алдын алуға болады. «Диабет ауру емес, өмір салты» деген ұғым бар. Егер қарапайым шаралар сақталса, диабеттің даму қаупі едәуір азаяды. Алдымен салмақ қосудан сақтану керек. Артық салмақ пен семіздік диабетке шалдығу ықтималдығын жеті есе арттырады. Физикалық белсенділік қажет. Күн сайын 30 минут жүру диабеттің пайда болу қаупін 30% төмендетеді.