НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Қантдиабеті  – созылмалы ауру

   Бұл – кешенді емдеу мен бақылауды  талап ететін ауру түрі. «Диабет – ауру емес, бұл адамның өмір салты» деген сөз бар.  Яғни,  диабет адамның өзіне аса сақтықпен  қарауын  талап етеді.  Негізі , дені сау адам үшін аш қарындағы қандағы глюкоза (қант) деңгейі 3,3-5,5 ммоль/л аралығында болуы тиіс. Ал 2 типті ҚД бар адамдар үшін  көрсеткіштер: тамақ алдында қандағы қанттың мөлшері 4 – 7 ммоль/л деңгейде, ал тамақтан  соң 90 минут өткенде – 8,5 ммоль/л аспау қажет.Диабет кезінде қандағы қант деңгейін бақылаудағы негізгі талаптардың бірі – бұл физикалық белсенділік. Дене жаттығулары бірінші және екінші типтегідиабеті бар адамдарға өте пайдалы. Ұлттық госпиталь  емханасының мобильді бригадасының дәрігері Арайлым Стамқұлова  диабеті бар адамдар үшін дене белсенділігінің маңызды екенін айтып,  жаттығулардың  пайдалы түрлері  және оларды дұрыс  қолдану жайлы кеңес береді.

     Қимыл- қозғалыстың маңыздылығы:

  1. Қандағы қант деңгейін бақылау: Тұрақты қимыл қозғалыс жасушалардың инсулинге сезімталдығын жақсартуға көмектеседі, бұл ағзаның глюкозаны неғұрлым тиімді пайдалануына және қандағы қант деңгейін төмендетуіне ықпал етеді.
  2. Салмақты төмендету: Орташа деңгейдегі қимыл қозғалыс жүктемесі артық салмақты төмендетуге ықпал етеді, бұл әсіресе 2 түрі диабеті бар адамдар үшін маңызды.
  3. Липидті алмасу көрсеткіштерін жақсартады – қан холестеринін және оның фракцияларын төмендетуге ықпал етеді, бұл қан айналымын едәуір жақсартады. Бұл әсіресе қан айналымының бұзылуы – диабеттік ангиопатия кезінде маңызды. Қалыпты ҚД бар науқастарда жалпы холестерин мөлшері 4,5 ммоль/л, ал «нашар» холестеринді < 2,6 ммоль/л төмен ұстау көрсетіледі.
  4. Жүрекқан тамырларының жақсаруы: Белсенді қимыл -қозғалыс жүрек пен қан тамырларын нығайтады. Бұл диабетпен бірге жүретін жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін төмендетеді.
  5. Көңілкүйді жақсарту және стрессті төмендету: Тұрақты дене жаттығулары эндорфиндердің – «бақыт гормондарының» бөлінуіне ықпал етеді. Бұл – жалпы көңіл-күйді жақсартуға және күйзелістің деңгейін төмендетуге көмектеседі. Дұрыс таңдалған жаттығулар кешені, тіпті қарапайым ғана  жүрудің өзі  көңіл- күйді жақсартып, қан қысымын төмендетеді.
Физ.активность при СД

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время