НАЦИОНАЛЬНЫЙ ГОСПИТАЛЬ МЦ УДП РК

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГОСПИТАЛІ

Call center:

Ғылым және медицина: денсаулық сақтаудағы ілгерілеудің құрамдас бөліктері

   12- сәуірде Қазақстанда “Ғылым қызметкерлері” күні атап өтіледі. Медицина саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстанда денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуына қалай ықпал ететіні және ҚР БжҒМ МК Ұлттық госпиталінде ғылымның рөлін күшейту үшін қандай қадамдар жасалып жатқаны туралы медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, директордың кеңесшісі Жанар Құсымжанова айтты.

   Ұлттық госпитальде ғылыми дәрежесі бар 30  білікті маман жұмыс істейді.  Олардың қатарында 1 медицина ғылымының докторы, 4 PhD докторы, 24 медицина ғылымының кандидаты және 1 филология ғылымының кандидаты бар. Сонымен қатар ауруханада шет елде білім алған «Болашақ» халықаралық кадрлар даярлау бағдарламасының екі түлегі жұмыс істейді.

   Аурухана дәрігерлері өз зерттеулерінің нәтижелерін «Web of Science» және «Scopus» дерек қорларында және жетекші халықаралық журналдарда жариялайды. Бұл мекеменің жоғары ғылыми әлеуетін көрсетеді және оның дәстүрлі медицинаны дамытуға деген  ізденісінің белгісі.

   “Медицина мен ғылымның байланысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер ғана емес, өмірлік маңызды аспекті болып табылады”, – дейді Жанар Құсымжанова. – Ғылыми зерттеулер клиникалық жетістіктердің бастамасы. Сондай-ақ ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың инновациялық әдістерін енгізуге ықпал етеді. Ғылым дәрігерлерге дәлелді шешімдер қабылдауға және әрбір науқастың  ерекшеліктерін ескеретін жеке медицинаны дамытуға мүмкіндік береді.

    “Біз медициналық көмектің барлық деңгейлерін амбулаториялық-емханалық көмектен бастап,  терапевтік және хирургиялық қызметтерге дейін емдеу, диагностикалық және басқару инновацияларын белсенді түрде дамытамыз”, – деп жалғастырды директордың кеңесшісі. – Бұл  бізге елдегі жетекші медициналық мекемелердің қатарында тұруға мүмкіндік береді. Маңызды жаңалықтардың бірі – тік ішекке реконструкциялық және қалпына келтіру операцияларынан кейін қолданылатын құбырлы илеостомия технологиясы. Әдістемені Қазақстанда алғаш рет Ұлттық госпиталь хирургтері енгізді және бүгінгі күнге дейін оны қолдану арқылы бірнеше сәтті операция жасалды.

Наука и медицина слагаемые прогресса в здравохранении каз

ЗАКАЗАТЬ ЗВОНОК

Укажите свои контакты и мы Вам перезвоним в ближайшее время