Ұлттық госпитальде «Ішкі медицинаның негізгі мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Қазақстанның, Өзбекстанның, Италияның медицина саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.
Іс-шараны С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасы және «Қазақ тромбоз және гемостаз қоғамы» қоғамдық бірлестігі, ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталімен бірге ұйымдастырған.
Конференция барысында дәрігерлер ішкі медицина саласындағы заманауи үрдістер мен жетістіктерді талқылап, жетекші мамандармен тәжірибе және білім алмасты.
Іс шараның жұмысының басым бағыттары ретінде пульмонология, кардиология, гастроэнтерология, нефрология, ревматология, эндокринология, гематология, жинақталу аурулары (амилоидоз, Фабри ауруы) кезінде терапевттің нақты тәжірибеге сүйеніп ұсынымдарды енгізуі. Сондай-ақ семіздікпен және коморбидтік аурулармен ауыратын, салмақ жетіспеушілігі бар сырқаттар мен , әлсіз науқастардағы фармакотерапияның ерекшеліктері; веналық тромбоздар (терең веналардың, веналық синустардың тромбозы және өкпе артерияларының тромбоэмболиясы); антитромботикалық, антикоагулянттық терапиялар аясында асқазан-ішек жолынан қан кетуі; жүктілік және жүрек-қан тамыры аурулары; антибиотиктерге төзімділік және вакцинация және басқалар қарастырылды.
Шақырылған сарапшы, Неаполитан университетінің профессоры Плинио Чирилло тәжірибесін ортаға салып, кардиологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласындағы соңғы зерттеулері жайлы әңгімеледі.